Freedom House Қазақстанды еркін емес ел деп таныды

Алматы. 5 наурыз. ҚазТАГ – Freedom House халықаралық құқыққорғау ұйымы өзінің «Әлемдегі еркіндік 2021» рейтингінде Қазақстанды еркін емес елдер қатарына қосты.
Еркіндік рейтингінде Қазақстан 100 балдың 23-ін жинады. Бұл ретте «Саяси құқық» санатында ол 40 балдың 5-уін ғана, «Азаматтық еркіндік» санатында 60 балдың 18-ін жинады.
Freedom House ақпарынша, былтыр да Қазақстанның нәтижесі осындай болған еді – 100 балдың 23-і.

adimage