Fugro Discovery зерттеу кемесі малайзиялық Boeing ұшағын іздестіруге кірісті

Алматы. 23 қазан. ҚазТАГ – Fugro Discovery зерттеу кемесі наурыз айында шамамен Үнді мұхитында жоғалды деген малайзиялық Boeing ұшағын іздестіруге кірісті, деп хабарлады ресейлік ТАСС агенттігі.
Австралияның көліктегі қауіпсіздік басқармасынан (АКҚБ) қабарлағандай, қазір Австралияның оңтүстік-шығысында, шамамен 1,8 мың шақырым жерде Fugro Equator кемесі мұхит табанының бұдырлығын картаға түсірумен айналысып жатыр.
Малайзия үкіметі жалға алған GO Phoenix кемесі уақытша іздеу ауданын тастап, Фремантл портына барып, азық-түлікпен қорланып және ЖЖМ құйып алуға кетті. Ол іздеу зонасына осы айдың соңына қарай оралуы тиіс.
АКҚБ мәліметтерінше, қазір жалпы ауданы 140 мың шаршы шақырым болатын мұхит табаны картаға түсірілді, ал авиалайнерді іздестіру тек 1,2 мың шаршы км. ауданда жүргізілді.
Соған байланысты австралиялық мамандар жұмыстың қазіргі кезеңі шамамен бір жылға есептелген деп отыр.

adimage