Газ үшін шымкенттік ЖЭО қарызын жабуға Т300 млн бөлінді

Шымкент. 14 қазан. ҚазТАГ - Газ үшін шымкенттік ЖЭО қарызын жабуға Т300 млн бөлінді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

«Газ үшін шымкенттік ЖЭО қарызын жабуға Т300 млн бөлінді. Жылу жеткізуші кәсіпорындар «ҚазТрансГаз -Аймақ» АҚ-ға қарыз болып қалған. ҚР Үкіметі, облыс және қала әкімдіктері араласқаннан кейін ғана бұл мәселе шешімін тапты», - деп атап өтті баспасөз қызметінде.

Еске салсақ, үстіміздегі жылы маусым айында "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ "3-Энергоорталық" АҚ-на газ беруді тоқтатқан еді. Себеп - "3-Энергоорталықтың" "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-на берешек қарызы 956 миллион теңгеге дейін артып кеткен.  Жылу беру мекемесі мамандарының айтуынша, қарызды кешеуілдетуге апатты жағдайлардың алдын алу бағытында жасалған жұмыстардың көп қаражатты қажет еткендігі, сонымен қатар, тұтынушылардың тұтынған жылу энергиясы үшін берешек қарызы еселеп өсіп кеткендігі басты себеп болып отыр.

Бастапқыда "3-Энергоорталық" АҚ мен "ҚазТрансГаз-Аймақ" АҚ-ның төлем мәсселесін шешу бойынша өзара келіссөздері нәтижесіз болған еді. Бұл Шымкентте алдағы жылыту маусымының бұзылу қаупін төндірді. Нәтижесінде, 1762 көпқабатты үйдің тұрғындары, яғни, 84 мың пәтер иелері, 300-ден астам мекемелер, бұл қатарда, білім беру және денсаулық сақтау мекемелері де жылусыз қалуы мүмкін еді.

Т300 млн сома көлеміндегі алғашқы транш «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ шотына түсті. Және бүгінде кәсіпорын қызметкерлері алдағы жылыту маусымында қаланы жүз пайыз жылумен қамтуға қажетті жұмыстарға кірісті.  


adimage