Генерал Есенгелді МҰСТАФЕТОВ: «КҮШ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ БІЗДІҢ АЗАМАТТАРҒА АУЫРТПАЛЫҚ ТҮСІРМЕУІ ТИІС. ОЛАР ҚОҒАМ ҮШІН ЖҰМЫС ЖАСАУҒА МІНДЕТТІ...»

 

Алматы. 7 ақпан. ҚазТАГ – Расул Рысмамбетов. Генерал-майор Есенгелді Мұстафетов 1943 жылы 9 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында туылды. Тәжім мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген, заң ғылымдарының докторы, профессор. Тәжік ССР МҚК – мемлекеттік қауіпсіздік комитеті – (КГБ) кіші оперөкілеттісінен бастап, КСРО КГБ инспекторлық басқармасының бастық орынбасары қызметіне дейін көтерілген.

1992 жылы ол Шымкентте кепілге алынғандарды азат ету операциясын табыспен басқарған. Ол операция әлемнің көптеген арнайы жасағы үшін үлгіге айналды. Ол операцияның табыстылығы жеке басқа қасірет әкелді: оның өзіне қастандық жасауға батылы бармаған қылмыстық әлем, оның отбасынан кек алды.

Генерал ҚазТАГ агенттігінің сауалдарына жауап беруге келісіп, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздіктің қазіргі проблемаларымен ой бөлісті.

 

- Есенгелді Абілзаминұлы, сіз КСРО КГБ-сына қалай келдіңіз, қандай қызметтен бастадыңыз?

 

 - Алдымен, Кеңестер әскері қатарында борышымды өтедім, одан соң университетті аяқтағанда маған КСРО КГБ-сына өтуді ұсынды. Әрине, саяси дайындық деңгейім мен моральдық-ерік және іскерлік қасиеттерімді терксерген соң. Кейін адамдарда сенім оята алатын, оларды ашық әңгімеге тарта алатындығымды анықтады. Әдетте көп адам басқаларға айтпайтын сырларымен бөлісетін. Органдардағы қызметімді Тәжікстаннан республиканың КГБ кіші оперөкілеттісінен бастадым.

ҚазССР орталық аппаратының бөлім бастығы, Шығыс Қазақстан облыстық КГБ басқармасының бастық орынбасары, одан соң Мәскеуде КСРО КГБ-сының инспекторлық басқармасының аға инспекторы қызметінде болдым. Одан мені Шымкент облыстық КГБ басқармасының бастығы қызметіне тағайындады.

1991 жылы президент Назарбаев мені  Мәскеуге КСРО КГБ төрағасының орынбасарлығына жіберді. Ол кезде төраға Вадим Бакатин болатын. КСРО президенті Михаил Горбачевтың мені қызметке тағайындау туралы жарлығы шыққанша орталық аппаратта қызмет атқардым, демек ай сайын жалақы алып отырдым. Сондықтан Бакатин мені КСРО КГБ инспекторлық басқармасының бастық орынбасарлығына тағайындады. Бірақ ол қызметте бұрынғы Қазақстан КГБ төрағасы Виктор Мирошник отырған. Сол кезде Бакатин КСРО КГБ инспекторлық басқарма бастығының бірінші орынбасары деген қызмет ашып, оған мені тағайындады. 1991 жыл соңында КСРО президентінің мені қызметке тағайындау туралы жарлығының орнына КСРО КГБ-сының таратылатыны және оның Ресей заң құзыретіне өтетіндігі туралы жарлық шығарылды. Жоғарғы Кеңес депутаты бола отырып, мен үйге қайтып тәуелсіз Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік органдарында қызметімді жалғастырып, Шымкент КГБ басқармасын, кейін Атырау облыстық КГБ басқармасын басқардым.

 

- Ол кезге қарай Қазақстандағы арнайы қызмет жұмысы қаншалықты өзгерді?

 

 - «Барлау әлем сияқты көне» деген фраза бар. Сондықтан, егер жмсартып айтсақ, кез келген саяси жүйеде жұмыстағы да, кадрларды іріктеуде де негізгі басымдылық, арнайы қызметте өзгеріссіз қалып отырады.

Бұрынғы Кеңестер Одағының КГБ-сының және Қазақстан ҰҚК-нің күшті жағы орталыққа қатаң бағыну, ол арнайы қызметтің құрылымының кешенді сипаты, корпоративтілігі мен элиталық кадрлық құрамы болған. Ал кез келген арнайы қызметтің жұмысы ғылыми-техникалық прогресспен тығыз байланысты болғандықтан ақпараттарды алу, өңдеу және қорғаудың әдістері мен техникалық түрлері де өзгеріп отырады.

 

- Сіздіңше сыртқы барлауды Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүйесінен бөлу немен байланысты және ол шешімнің қаншалықты жөні бар?

 

- Менің жеке көзқарасым бойынша, барлау мен қарсы барлау – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің біртұтас тетігі. КГБ дәуірінде барлау мен қарсы барлау және басқа да негізгі қызметтер арасында кедергі болмайтын. Барлығы да шұғыл және кешенді түрде мақсатқа қол жеткізіп, бірінші кезектегі міндеттерді шешуге бағытталатын. Екінші жағынан, көптеген елдерде, айталық, Ресей, Германия, Англия, АҚШ-тарда, сыртқы барлау қызметі дербес құрылым ретінде бар, ол да мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етуді әлсіретпейді.

 

- Сіз қазіргі жағдайды сипаттап бере аласыз ба, әсіресе шекара аймағында, сыртқы шабуыл қауіпі бар ма?

 

 - Қазақстан осыншама орасан территория мен табиғи байлыққа иеленіп отырып, әрине,  көптеген елдердің қызығушылығын оятады деп ойлаймын. Бірақ менде қандай да мемлекетте Қазақстанды тәуелсіздігінен айыру ниеті бар деп ойлауға ешқандай негіз жоқ.

Осы жерде біздің президенттің көрегендік саясатын атап кеткім келеді. Ол Қазақстан экономикасына орасан зор инвестиция тартып отыр. Бұл әлемдегі танымал экономикалық қуатты мемлекеттеріне Қазақстан тәуелсіздігіне қол сұққысы келетін мемлекетке, бұл республика олардың өмірлік-маңызды мүдделерінің зонасы екендігін мәлімдеуге құқық береді, себебі олар қазақстандық экономикаға миллиардтаған доллар қаражат салып отыр. Оның үстіне Назарбаев әлемдегі басқа мемлекеттермен жүйелі түрде достық және өзара тиімді қарым-қатынасты дамытып келеді, тату көршілік және өзара түсіністік зонасын нығайтып келеді.

 

- Осы онжылдықтағым лаңкестік актілербіздің қоғамымызды дүр сілкіндірді. Көптеген сарапшылар оларды көздегені ел ішін дүрліктіріп, елді саяси жіктеу деп атады. Сіз қалай ойлайсыз, осы үдерісті қолдайтын ішкі күштер бар ма?

 

 - Барлық елдер үшін лаңкестік ең қауіпті, алдын ала болжауға келмейтін, қазіргі заман құбылысы болып отыр. Лаңкестік пен экстремизм идеологиясы шекараны білмейді. Әрине, ол үдерісті халықаралық лаңкестік ұйымдар түріндегі мүдделі күштер реттеп отырады. Сондықтан әлемдегі бір ел де көптеген адам өлімін тудыруы мүмкін лаңкестік әрекеттен сақтанбаған.  

Ішкі күштердің жағдайды тұрақсыздандыруға қатысты мүддесіне келетін болсақ, мен бұл пікірді қолдамаймын. Бұл жерде көбінесе сыртқы фактор бар, ол қоғамды қорқынышта ұстап тұру үшін еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өмірдің үрдістерін белгілі бір түрде пайдаланады.

Бұл құбылыспен күрес мәселелері жалғыз күш-құрылымдардың міндеті ғана емес. Терроризммен күрес мәселелерін осылай шешу мүмкін емес. Ең бастысы жағдай жасау - әлеуметтік-саяси, экономикалық, мәдени, экстремистік идеялар мен оқулардың сіңуі мен тарауына еш негіз болмайтындай.

Сонымен қатар, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, нақты белгіленген құқықтық кеңістіктік шеңберінде терроризммен күресте табысқа жетуге болады, соңғы уақытта біздің арнайы қызметтер мен құқық қорғау органдары да солай жасап отыр.

Алайда азаматтық қоғам тарапынан нақты көмек болмаса, БАҚ, ошағының, туған-туыстарының аман болуын ойлайтын адал адамдар, өз Отанының патриоттары қатыспаса, терроримзге қарсы тұрудың тиімділігі төмен болады.

 

 

- Кеңестік заманда терроризммен күрес қалай жүргізілді? КГБ-ның бұл бағыттағы стратегиясы қалай құрылды?

 

 

- Ықтимал террористік құбылыстармен күрес міндеті КГБ-ның барлық бөлімшелерінің алдына қойылды, алайда мұндай сипаттағы құбылыстардың саны мен көлемі айтарлықтай болмағанын айта кету керек.

Билік өкілдеріне қастандық жасау әрекеттерінің жекелеген фактілері «террористік акт» ретінде бағаланбаған, оларға басқа қылмыстық-құқықтық баға берілетін, және КГБ -ның оперативті жұмысының осы бағыты артқа ысырылатын.

Бірақ 70-ші және 80-ші жылдары террористік қауіп-қатерлердің сипаты өзгере бастады: ұшақтарды қарулы шабуылмен басып алу мен шетелге айдап әкету әрекеттері жиілеп, жарылғыш құрылғылары жиі пайдаланыла бастады. Ал елдегі және әлемдегі әлеуметтік-саяси және оперативті жағдайдың өзгеруімен террористік сипаты бар істердің саны арта бастады. Бұл жылдары мемлекеттік қауіпсіздік органдары террористік пиғылдары бар мыңдаған адамды анықтап, профилактикалық шаралардан өткізді. Бір сөзбен айтқанда, жұмыс көлемі жеткілікті еді, алайда оны Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін басталған террористік қауіпке байланысты жұмыс көлемімен салыстыруға болмайды.

 

 

- Шымкенттегі «Набат» операциясы. Оның ерекшелігі неде?

 

 

- Есіңізде болса, КСРО ыдырамас бұрын Кеңес одағында, әлемнің басқа да бірқатар мемлекеттерінде «Набат» операциясын (кепілдікпен тұтқынға алынғандарды босату операциялары осылай аталатын - ҚазТАГ) өткізу шаралары көбейіп кетті. Алайда, өкінішке орай, олардың барлығы кейбір тұтқындардың немесе операцияға қатысушылардың қазасымен аяқталатын. Бұл операцияларды басқарған адамдар қызметтік тергеуге, қылмыстық қудалауға ұшырап, сот арқылы жауапкершілікке тартылатын, көп жылғы еңбекпен, беделмен қол жеткізген атақтарынан, ордендері мен медальдарынан айырылатын, зейнетақысыз қалатын.

Шымкентте 13 адамдытұтқынға алған адамдар ең жоғары жаза берілген қылмыстық авторитеттер болған, олар күш құрылымдарының өздеріне қарсы жасайтын шараларына қатаң жауап қайтаруға дайын болған. Алайда дәл осындай жағдайда операцияны өткізу немесе өткізбеу туралы шешім қабылдау қажет болды. Сол кезде Қазақстан МҚК (КГБ) төрағасы орынбасарының бұқаралық мәлімдемесін назарға ала отырып, операцияны жүзеге асырудан бас тартуға болатын еді. Ол былай деген еді: «Мұндай жағдайда «Набат» операциясын өткізу ағаттық болады». Операция өткізуден бас тарту 13 тұтқынның барлығының өліміне алып келетін еді. Сол себепті мен қорқынышты жеңіп, тәуекелге бел буып, осы операцияны өткізу туралы бұйрық бердім, сәтсіз болса, кез-келген жазаны өз мойныммен көтеруге дайын болдым. Бірақ Құдайдың өзі қолдаған шығар. Тұтқындардың ешқайсысы, операцияға қатысқанда да зардап шеккен жоқ. Өкінішке орай, екі қылмыскер өлтірілді.

Қылмыс әлемінің авторитеттері мені өлтірмек болды, алайда мені қаруланған қызметкерлердің күзететінін көріп, сол жылы Мәскеу кеденінде жұмыс істеп жүрген қызым Мәликаны өлтіріп кетті.

 

 

 

- Отандық бұқаралық ақпарат құралдары түрлі күш-құрылым ведомстволарыныың арасындағы қақтығыстар туралы жиі жазып тұрады. Бұған қатысты ойыңыз қандай?

 

- Біздің күш құрылымдары өзара үнемі қақтығысып, күреседі деп есептемеймін. Қызметкерлердің іскерлік қарым-қатынастары шектен шығып кететін жағдайлар әлемнің барлық елдерінде бар.

Күш құрылымдардың жұмысы қоғамды, азаматтарды мазаламауға тиіс. Олар адамдардың игілігі үшін білдіртпей жұмыс істеуге тиіс, адамдар өз сақшыларының жұмысын байқамай, тыныш өмір сүруге тиіс. Президент дұрыс айтты, олардың бәрі адамдар үшін және халық үшін жұмыс істеуге тиіс.

 

- Қазақстан идеологияға, жастардыңәскери-патриоттық тәрбиесіне жеткілікті назар аударып отыр ма? Жастарға келетін болсақ, сізге жас буынның бойындағы қандай қасиет ұнайды және қандай қылықтарын жақтырмайсыз?

 

 - Идеологиялық жұмыс пен азаматтардың әскери-патриоттық тәрбиесінің деңгейіне ешқашан қанағаттануға болмайды деп ойлаймын. Бұл мақсаттағы жұмысты жандандыру үшін себеп әр уақытта табылады.

Мені жастардың білімге деген ұмтылысы, жаңа технологияларды меңгеруге деген ұмтылыстары қуантады. Сол уақытта жастардың компьютерге байланып қалуы таң қалдырады, бұл денсаулыққа зиянды емес пе. Өздеріне қызықты адамдармен тірідей сөйлескеннің орнына, олар компьютер арқылы араласады.

Ал жекелеген адамдардың есірткіге, ішімдікке үйір болуы шынымен де жиіркенішті.

 

 - Қазір немен айналысасыз? Мемуар жазуды ойластырып жүрген жоқсыз ба?

 

- Меніңше, жоғары қызметтер атқарған адамдар мемуар жазуға тиіс. Өкінішке орай, мен ондай қызметатқарған жоқпын.

 

 - Сұхбатыңызға рахмет!


adimage