Генуядағы көпірдің құлауынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ – ҚР СІМ

Алматы. 15 тамыз. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Генуядағы көпірдің құлауынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ, деп мәлім етті ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі  Айбек Смадьяров.
«Соңғы ақпар бойынша Генуядағы көпірдің опырылуы кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ», - деді  А. Смадьяров сәрсенбі күні.
Бұл ретте ол атап өткендей, құтқару жұмыстары жүріп жатыр, қирандылар астынад әлі де адамдар бар. Италиядағы Қазақстан елшісі жергілікті құтқарушы қызметпен үнемі  байланыста.
Еске салсақ, ТЖ 14 тамыз күні ертеңгісін А10 автожолында болған. Көпір арқылы 35 жеңіл көлік пен 3 жүк көлігі өтіп бара жатқан. Көліктер 70 м биіктіктен құлаған.
Италияның жол инфрақұрылымына қызмет көрсетететін Autostrade per l'Italia компаниясы аталмыш жәйттің нысанды жабуды нығайту бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде орын алғанын мәлімдеді.
Соңғы ақпар бойынша 31 адам опат болған. Көбі ауыр жарақат алған.

adimage