География ғылымдарының докторы Виктор БЛАГОВЕЩЕНСКИЙ: СҰРАПЫЛ АПАТТЫҢ АЛДЫН АЛУ ОНЫҢ ЗАРДАПТАРЫН ЖОЮДАН 10 ЕСЕ АРЗАН

 

Алматы. 17 қараша. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Сұрапыл апатты алдын ала дәл айту мүмкін емес, бірақ оны болжауға, адам шығыны мен қирауларды мейлінше азайту үшін оған дайындалуға болады. Өкінішке қарай, ол үшін Қазақстанда атқарылып жатқан шаралар жеткіліксіз, деп есептейді ҚР білім және ғылым министрлігінің география институтының табиғи қауіп-қатерлер зертханасының меңгерушісі Виктор Благовещенский.

 

- Қазір Қазақстан үшін қандай табиғи қауіп-қатерлер бар?

 

- Бізде, Қазақстанда жанартау атқылауы мен цунамиден басқа барлық дерлік табиғи апаттар бар десек болады. Қалғанының бәрі: құрғақшылық, су тасуы, қатты аяз, аптап ыстығы, желдер, шаңды борандар, сел, лай жылжымалар бар. Жоңғар Алатауында сел жүріп, жылжымалар болады. Шығыс және Батыс Қазақстанда көктемде жиі су тасиды. Сырдарияда әлі күнге су тасқыны қаупі бар. Соңғы жылдардың тәжірибесі көрсеткендей, ең көп зиян келтірген су тасқыны мен дауыл жел екен. Және екінші проблема, осы үдерістердің адамның шаруашылық әрекеттерінің әсерінен үдей түсуінде. Мысалы, Алматы маңайында еш бақылаусыз салына бастаған құрылыс салдарынан лай-батпақтардың жылжымасы көптеп орын ала бастады. 

 

- Бөктерлерге құрылыс салу – жылжыманың негізгі себептері ма?

 

- Жылжымалардың барлығы антропогендік әсерден деп айтуға болмас, бірақ бұрын ондай болмайтын, жылжыма жүруі ықтимал беткейлерге құрылыс салуға рұқсат бермейтін. Қазір жерді тым қатты қазбалап кетті, беткейлерді жалаңаштап, су құбырларын жүргізіп жатыр, одан кейде су атқылап, апаттар орын алуда. Күшті жауыннан туындайтын жылжымалар тау бөктерлерінің барлығын қамтуы ықтимал, себебі оның барлығы саз балшықтан тұрады. Мысалы, 2004 жылы жауын көп болғанда, әр жерлерде 1000-нан астам жалжамалар болып, олардың кейбіреулері тұрғын үйлерді басып кетті.

 

- Демек, негізгі қатерлер адам әрекетінен емес қой?

 

- Жоқ, негізгі табиғи апаттар, дегенмен, табиғаттың өзінен туындайды, ал адам болса өзінің ақылсыздығынан оны тереңдете түседі. Егер апаттар қай жерде пайда болуы мүмкіндігін, қуатын есептесе, оған қандай шаралар қажет екендігіне алдын ала дайындалса, көптеген табиғат апаттарына ұрынбауға болады.

 

- Сұрапыл апатты алдын ала болжау мүмкін ба? Мысалы, Алматыда сұрапыл дауыл болады деп ешкім де күтпеген...

 

- Ол өте сирек кездесетін құбылыс, бірақ әр 10 жылда, әр 20 жылда, немесе әр 300 жылда қайталанып тұратын, айталық Алматы шатқалдарынан өткен апаттар бар. Ондағы шыршалардың жартысының жасы 300 жыл, демек, 300 жыл бойына онда ондай сұрапыл дауыл болмаған ғой. Алдын ала 100% болжау мүмкін емес құбылыстар бар, бірақ қайталанып отыратын құбылыстар да бар. Мысалы, айталық Алматы үшін ең жанға бататын тақырып – жер сілкінісі. Соңғы 100 жылда екі рет қуатты жер сілкінісі болды, ал біз болсақ, оған әлі дайын емеспіз, біз соқтықпайтын шығармыз деп үміт етеміз.

 

- Айтпақшы, күшті жер сілкіністері әр 100 жылда қайталанып тұрады деген рас па?

 

- Жоқ, рас емес. Мәселе онда қайталанатын тиянақтылықтың жоқтығында. 1887 жылы қуатты жер сілкінісі болды, келесісі 1911 жылы, яғни 24 жылдан соң болды. Егер қайталану қағидасынан есептесек, ғалымдар «қайталануы – 24 жыл, келесісін енді 24 жылдан соң күтіңдер» деп айтар еді. Ондай болмады. 1911 жылдан бері 100 жыл өтті, әзірге болған жоқ, Құдайға шүкір. Мәселе табиғаттың кейде осындай жұмбақтар қоятындығында және оны көріпкелдер ғана дәл айта алатын шығар. 

 

- Егер әлсіз жер сілкіністері жиі болып тұрса, қуатты жер сілкінісі болмайды деген көзқарас қаншалықты рас?

 

 - Мен сейсмолог емеспін. Егер физиканың логикасынан шығатын болсақ, солай болуы да әбден мүмкін. Егер кернеулік жинала берсе, ол ақыры күшті жер сілкінісімен тарқайды. Бірақ ол кепіл емес. Жапонияны жыл сайын жүз рет сілкілеп жатады, дегенмен, онда өте қуатты жер сілкінісі орын алды.

 

- Егер Алматыда күшті жер сілкінісі болса, ол сел тудыруы мүмкін ба?

 

 - Бұл жерде жағдайдың қалай қалыптасып келетіндігінің үлкен мәні бар. 1887 жылы Верный жер сілкінісі орын алғанда құрбандардың жартысы таудан, бөктерінен ағып, қазіргі кенттердің территориясына келген жылжымалар мен селден болды. Ал 24 жылдан соң, 1911 жылы да жер сілкінісі болып, бірақ онда ондай құбылыстар орын алмады. 1887 жылғы жер сілкінісі мамыр айында күшті жауыннан соң болды, ал 1911 жылы – желтоқсанда, барлық жер қатып жатқанда орын алды. 

 

- Селдің жүруіне қандай факторлар ықпал етеді? Олардың жүретінін дәл айтуға бола ма?

 

- Негізінен жауын-шашын мен нөсерлеткен жауын. Егер күшті жауын жауады деп күтілсе, оны болжауға болады. Үлкен Алматыдан өткен селдердің көбі нөсерден соң пайда болды. Бірақ мәселе біздегі жауынның өзі бір жерлерде шелектеп құйса, бір жерлерде аздап қана жауады. Құбылыстың бір жерге ғана тәндігі болжам дәлдігіне кедергі келтіреді. Бірақ тіпті болмаса Тәжікстандағыдай, ескерту жүйесін жасауға болады. Онда сел басталғанда ағыстың төменгі жағындағы шатқал бойында орналасқан барлық қыстауларға сиренамен хабар таратылады. Ал ондағы адамдар шыныққан, қайда қашу, не істеу керектігін жақсы біледі. Ондай жүйені енгізу керек, ол жұмыс істейтіндей болуы тиіс, жаттығулар жүргізу керек. Ең бастысы адамдарды қабылдайтын мекемелердің адамдарымен жаттығу керек. Себебі бізде, тіпті Үлкен Алматы өзенінің бойында сирена берілсе де, мейрамханаларға келушілер не болғанын білмейді, және не істейтіндерін де білмейді.

 

- Мұздақтардың еріп кетуімен, және таулы өзендердегі су деңгейінің азаюымен сел қаупі төмендеуі мүмкін ба?

 

- Қиыршық тас толған көлдерден (морена) туындайтын сел қаупі әйтеуір бір азаяр, бірақ нөсерлерден туындайтын сел қаупі азаймайды, ал нөсерлер бізде әр жылы болып тұрады. Сондықтан сел қаупі құрымайды.

 

- Алматыда тағы бір қауіп – құмтас көлдері. Олар қаншалықты қауіпті?

 

- Құмтас көлдердің жарасы жеңіл. Аздап күш жұмысап, ондағы суды ағызып жіберсе - болды. Ол нақты қауіптен гөрі жәй қорқыныш қана, оның үстіне жолда үлкен тоспалар тұр. Кез келген жағдайда Алматыға ең қуатты деген сел келе алмайды. Бұл жерде басқа қауіп бар. Кейбір ошақтар тоспалардан төмен орналасқан, олар Алматының шетжағын шарпып кетуі мүмкін. Екінші жағынан, бәлкім ең өзекті тұсы шығар – Үлкен Алматы өзеніндегі тоспаданың ар жағында қонақ үйлердің, кафе, мейрамханалардың үлкен массиві бар. Олар 1977 жылғы сел шөгінділерінде тұр. Егер олар сол жерде 1977 жылы тұрған болса, адам шығыны жүздеп саналған болар еді. Қауіпті жерлердегі құрылыс бақылаусыз қалғаны себепті ол жерлерге осы жайлар салынды.

Рұқсат беретін әкімшілік, шенеунік. Олар кейін кетіп қалады да, ешнәрсеге жауап бермейді. Селдан қорғанудың ұйғарымдарының функциялары ұсыныс айту ғана, олар тиым сала алмайды. Бұрын олар құрылысқа рұқсат беретін өздерінің визаларын қоятын. Ал қазір сәулетшілер мен жобалаушылар берсе жеткілікті.  

Мен Үлкен Алматы өзенінің аңғарымен әр жазда өтіп бара жатып, үреймен қараймын, себебі онда жоғарғы жағында 20 жылда бір рет өтетін өте қуатты сел ошағы бар, ол үнемі жүріп тұрады.

 

- Сұрапыл апат орын алған жағдайда адам шығынын мейлінше азайту үшін қандай шараларды қабылдау керек?

 

- Біріншіден, мұнымен байыппен айналысу керек. Әлі күнге барлық күш қуат, оның ішінде ТЖМ әрекеті де салдарын жоюға, көмек көрсетуге, қалпына келтіруге бағытталады. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, табиғат апаттарының алдын алу оның салдарымен күресуден  10 есеге арзан. Ал ондайлардың алдын алу үшін оны алдымен зерттеу керек.

Бізде әлі күнге тәуекелдікті бағалайтын – қай жерде, қандай қуатпен, қандай жиілікпен табиғи апат болып тұратындығы жөніндегі карталар да жоқ. Тек былтыр ғана география институты білім және ғылым министрлігінің тапсырмасымен Қазақстан Республикасының территориясындағы төтенше жағдайлар атласын дайындап, жариялады. Бірақ ол карталар шолу түріндегі, көрнекті түрде жасалған, ешкімді еш нәрсеге міндеттемейді, заңдық күші жоқ. 

Бізде табиғи қауіптерге бейім территорияларға байыппен қарауға міндеттейтін заңнама қажет. Ондай жерлерде жер пайдалану регламенті ерекше болуы тиіс.

Биыл азаматтық қорғаныс туралы заң жобасын жариялады. Ол төтенше жағдайлар туралы заңды алмастыруы тиіс. Оның кіріспесінде техногендік және табиғи апаттар қатар делінген. Одан ары барлығы техникаға арналған: химиялық апаттан қалай қорғану керек, газ құбырының бұзылуынан т.б. Ал табиғи апаттарды тағыда кейінге ысырып тастаған, оған ешкім де назар аудармаған. Заң жобасында «қауіпті техногендік нысан» деген ұғым бар. Оған қоса «қауіпті табиғи нысан», «қауіпті табиғи территория» ұғымын қосу керек еді және олар да қауіпті өндірістегі ерекше регламент сияқты, сондай қауіпті территорияда да ерекше регламент болуы керек.

 

-Сұхбатыңызға рахмет.


adimage