Герман компаниясы қазақстандық Сарыағаш шипажайын дамытудың картасын жасап жатыр

Астана. 28 қараша. ҚазТАГ – Асхат Ахметбеков. Герман компаниясы қазақстандық Сарыағаш шипажайын дамытудың картасын жасап жатыр, деп мәлім етті ОҚО облыс әкімі Асқар Мырзахметов.
«Бізде туризмді дамытуда жақсы халықаралық тәжірибесі бар германиялық компаниямен белгілі уағдаластық бар және ол компания қазір Сараығыш шипажайын дамытудың мастер-картасын дайындап жатыр», - деді А. Мырзахметов жұма күнгі брифингте.
Сонымен қатар, оның айтуынша, «соңғы жылдары жеке меншік инвестиця есебінен онда (Сарыағашта – ҚазТАГ) нысандар салынуда, сауықтыру орындары, басқа да шипайжайлық нысандар салынуда».
«Біз (...) биыл СЖТ - сәулеттік-жоспарлау тапсырмасын әзірледік. Біз осы мәселені арнайы  әкімшілікте қарастырдық, жер бөлідік, қай жерге не салуға болатынын қарастырдық», - деді өңір басшысы.  

adimage