Астана. 3 желтоқсан. ҚазТАГ – Германиядан Қазақстанға ресейлік азамат экстрадицияланды, деп хабарлады ҚР бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Германиядан халықаралық іздеуде жүрген Ресей азаматы Сергей Валерьевич Шубинді экстрадициялады. Шубин Ақмолалық кәсіпкердің 170 000 еуро сомасын ет өңдейтін неміс жабдығын жеткізу амалы арқылы алаяқтық жолмен иемденді деп күдіктелуде», - делінген жұма күні таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, Қазақстан мен Германия арасында іздестіріліп жатқан адамдарды ұстап беру туралы шарт болмағанымен, Бас прокуратура айыпталушыны экстрадициялау туралы неміс тарапымен келісімге халықаралық құқықта қолданылатын өзара түсіністік қағидаты негізінде қол жеткізді.
«Қазіргі уақытта С. Шубин Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды», - делінген қадағалушы орган хабарында.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34