Астана. 7 қараша. ҚазТАГ – Германияның сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер Астанаға 9 қарашада сапармен келеді, деп хабарлады Германия елшілігінің баспасөз қызметінен.
«9 және 10 қарашада Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайердің Астанаға сапары болады. Онымен бірге жоғарғы лауазымды бизнес-делегация келеді», - делінген жұма күні таратылған хабарда.
Хабарда айтылғандай, министр ҚР ұлттық кітапханасында 1989 жылы Берлин қабырғасының құлауының 25 жылдығына арналған «Шектен шығу дәуіріндегі диктатура мен демократия. ХХ ғасырдағы Еуропа тарихына көзқарас» атты көрмені ашады. Одан басқа, ол 10 қарашада Қазақстан саяси жетекшілерімен кездеседі. Сондай-ақ министр қазақстандық-германия экономикалық кеңес отырысына қатысады.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстандық бітімгерлер БҰҰ-ның марапатын иеленді
4 Қазан 2024, 16:59 -
Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамын бекітті
4 Қазан 2024, 16:16