Гейр Педерсен Сирия жөніндегі БҰҰ бас хатшысының арнайы елшісі қызметіне кірісті

Алматы. 8 қаңтар. ҚазТАГ - Норвегиялық дипломат Гейр Педерсен Сирия жөніндегі Біріккен Ұлттар ұйымының бас хатшысының арнайы елшісі ретінде өз міндеттерін орындауға кірісті, деп хабарлады БҰҰ сайтынан.
«Ол өз Твиттерінде ол үшін Сирия халқына қызмет ету және олардың бейбіт өмірге ұмтылыстарын қолдау үлкен абырой екенін жазған. Гейр Педерсен Сирияда және оның сыртында кеңесулердің өтуін тағатсыздана күтіп отырғанын атап өтті», - делінген хабарда.
Норвегиялық дипломат БҰҰ бас хатшысының арнайы елшісі Стаффан де Мистураның орнына келген.
Г. Педерсен бұған дейін Қытайдағы Норвегия елшісі болған. Одан бұрын 2012-2017 жылдар аралығында БҰҰ жанындағы Норвегияның тұрақты өкілі қызметін атқарған.

adimage