Гимнаст Милад Карими Словениядағы Әлем кубогінен үшінші «күміс» медалін жеңіп алды

Күні: 10:39, 03-06-2019.

Астана. 3 маусым. ҚазТАГ – Қазақстандық Милад Карими Коперде (Словения) аяқталған әлем кубогі кезеңінде екінші медалін жеңіп алды, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметінен.
«Отандық гимнаст қоссырықпен жаттығудан күміс жүлдеге қол жеткізді. Каримидің ақтық сындағы өнерін төрешілр 14.350 ұпайға бағалаған. Ал бұл жаттығуда бірінші орынды Фрэнк Бэйнс (14.450) иеленсе, кипрлiк Илиас Георгиу 14.150 ұпаймен қола жүлдегер атанды», - делінген хабарда.
Сондай-ақ, Карими қол тіреп секіруден өткен финалдық сында сегізінші орыннан көрінді.
Осылайша, қазақстандық гимнастар Копердегі әлем кубогінен үш медаль жеңіп алды. Еске салсақ, кеше Милад Карими еркін жаттығуда, Ілияс Азизов гимнастикалық ат снарядында күміс жүлдегер атанған болатын.


Жаңалықтармен бөлісу: