Грантқа үміткер 19 талапкердің ҰБТ нәтижесі жойылды – ҚР БҒМ

Астана. 4 тамыз. ҚазТАГ – 19 талапкердің ҰБТ нәтижесі жойылды, деп хабарлады ҚР білім және ғылым министрлігінің (БҒМ) баспасөз қызметінен.
«19 талапкердің ҰБТ нәтижелері жойылды. Өткен жылдағыдай, ҰБТ аяқталғаннан кейін Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері 145 мың талапкердің бейнежазбаларын қарады. Биыл ҰБТ бейнежазбаларының бір бөлігін егжей-тегжейлі қарап шыққаннан кейін, 19 талапкердің шпаргалкаларды қолданғаны және ережелерді бұзғаны анықталды. Осыған байланысты олардың нәтижелері жойылды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, бақылаудың күшеюі үш жыл ішінде тыйым салынған заттарды кіргізу әрекеттері біршама азайды. 2019 жылы 128 мың, 2020 жылы 1296 түлек ҰБТ-ға тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысса, биыл 758 жағдай тіркелді. Тестілеу кезінде тыйым салынған заттарды пайдалануға тырысқандардың саны 2019 жылғы 2363-тен 2021 жылы 749-ға дейін азайды.
«Біз түлектеріміздің тек өз біліміне үміт артуын қамтамасыз ету үшін осындай мұқият тексеру жүргізіп жатырмыз. Өйткені, бүгін тест тапсырып, ережені бұзған талапкердің ертең полиция қызметкері, дәрігер, мұғалім немесе судья ретінде адал маман болатынына кепілдік жоқ. Сондықтан комиссия 19 талапкердің нәтижелерін жоюға шешім қабылдады. Енді олар білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатыса алмайды», - деп нақтылады БҒМ.

adimage