Грек-рим күресінен тұңғыш олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров өмірден озды

Астана. 3 тамыз. ҚазТАГ – 70-ке қараған шағында грек-рим күресінен тұңғыш олимпиада чемпионы болғаан бірінші этникалық қазақ Жақсылық Үшкемпіров өмірден өтті, деп хабарлады грек-рим күресі федерациясының баспасөз қызметінен жексенбі күні.
«Грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек ерi, «Барыс», «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Жақсылық Әмiрәлiұлы Үшкемпiров ағамыз бақилық болды. Батыр ағамыздың Мәскеу Олимпиадасындағы ерлігiне биыл 40 жыл болып еді...Марқұмның барлық туған- туыстарына, отбасына, жора-жолдастарына, барша Қазақстан күресiнiң жанкүйерлеріне қайғырып көңіл айтамыз! Марқұм ағамыздың жаны жәннәтта болсын», - делінген жексенбіде федерацияның Instagram парақшасында.

adimage