Грузия президентінің сайлауында басқарушы партия үміткері жеңіске жетті

Күні: 13:35, 29-11-2018.

Алматы. 29 қараша. ҚазТАГ – Грузия президенітнің сайлауында «Грузинская мечта» басқарушы партиясының үміткері Саломе Зурабишвили жеңіске жетті, деп хабарлады ТАСС.
«Саломе Зурабишвили Грузия президенті сайлауының екінші турында жеңіске жетті, ол 59,56% дауыс жинаған, («Единое национальное движение» оппозициялық партиясының үміткері – ҚазТАГ) Григола Вашадзе – 40,44% дауыс жинады. Зурабишвили үшін 1 146 063 адам дауыс берсе, Вашадзе үшін – 778 167 адам дауыс берген», - делінген сайлау учаскелерінің 99,7%-ында дауысты санағаннан кейін Грузияның орталық сайлау комиссиясының бейсенбіде жариялаған мәліметтеріне сілтеме жасалған хабарда .
Хабарда атап өтілгендей, бұған дейін 66 жасар С. Зурабишвили сайлаушыларға қолдағандары үшін алғысын жеткізген.
«Маған білдірген сенімдеріңіз үшін үлкен рақмет, мен Грузияның барлық халқына президент боламын – маған қолдау көрсеткендерге де, мені қолдамағандарға да», - деді ол Тбилиси журналистеріне.
Хабарда атап өтілгендей, сәрсенбі күні Грузияда президент сайлауының екінші кезеңі өткен болатын.


Жаңалықтармен бөлісу: