Алматы. 20 мамыр. ҚазТАГ – Грузияда парламент депутаттары мен мэрлерінің аралық сайлауына дауыс беру аяқталды, деп хабарлады «Грузия Online».
«Аралық және кезектен тыс сайлауда дауыс беру үдерісі аяқталды. Заңға сәйкес барлық сайлау учаскелеріндегі дауыс беру 20.00-де мәреге жетті (Нұр-Сұлтан уақытымен 19 мамыр 22.00 – ҚазТАГ)», - делінген хабарда.
Сайлау 410 сайлау учаскесінде өтті, онда 402 091 сайлаушы тіркелген. Мэрді кезектен тыс сайлау бес муниципалитетте өтті – Марнеули, Зестафони, Чиатура, Хуло және Зугдиди.
Мэрлердің кезектен тыс сайлауымен қатар сегіз муниципалитетте сакребулдардың аралық сайлауы өткізілді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына мажоритарлық депутаттарды сайлау Сагареджо, Адигени, Ахмета, Зестафони, Чиатура, Ткибули, Цхалтубо және Озургетиде өтті.
«Сонымен қатар Тбилисиде Мтацминдинск округтік №1 сайлау округінде аралық парламент сайлауы өтті», - делінген хабарда.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке өсіп, Т446,77 болды29 Наурыз 2024, 17:43
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08