Гуманитарлық көмек аясында Қазақстан Моңғолияға $500 мың жөнелтеді

Күні: 14:00, 09-10-2018.

Астана. 9 қазан. ҚазТАГ – Гуманитарлық көмек аясында Қазақстан Моңголияға $500 мың жөнелтеді, деп хабарлады ҚР «Әділет» нормативті-құқықтық актілер жүйесінің ақпараттық-құқықтық сайтынан.    
«ҚР Қаржы министрлігі  ҚР және басқа мемлекеттер аумағындағы табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларын жою үшін 2018 жылға қарастырылған республикалық бюджеттен ҚР үкіметінің төтенше жағдайлар резервінен Моңғолияға ресми гуманитарлық көмек көрсету үшін ҚР Ұлттық банкінің ресми бағамы бойынша  $500 мың көлемінде ҚР сыртқы істер министрлігіне  бөлсін», - делінген үкімет қаулысында.  
Сондай-ақ, құжатқа сәйкес, ҚР сыртқы істер министрілгі белгіленген заңнама тәртібімен аталмыш қаржының арнайы банк шотына аударылуын қамтамасыз етеді.  


Жаңалықтармен бөлісу: