Halyk Bank Euromoney халықаралық беделді басылымынан марапат алды

Алматы. 4 тамыз. ҚазТАГ - Halyk Bank Euromoney халықаралық қаржы басылымының «Excellence in leadership in CEE 2020» («Орталық және Шығыс Еуропа аймағында Үздік көшбасшылық 2020») номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылды.
«Биыл Euromoney (Excellence in Leadership) жаңа «Үздік көшбасшылық» санаты бойынша таңдалған банктердің тобына ғана марапаттар беруде. Біздің редакциялық ұжымымызға әлем бойынша көптеген банктерінің Ковид-19 дағдарысына жылдам әрекет етуі ерекше әсер қалдырды, соның айғағы ретінде Excellence in Leadership марапатын айтуға болады», - дейді Euromoney журналының Орталық және Шығыс Еуропа редакторы Люси Фитцджордж-Паркер (Lucy Fitzgeorge-Parker).
Halyk Bank, Euromoney басылымымен «Үздік жетістіктер үшін награда» байқауының аясында «Excellence in leadership in CEE 2020» («Орталық және Шығыс Еуропа аймағында Үздік көшбасшылық 2020») номинациясында жеңімпаз деп танылды.
«Қазіргі кезде әлемде банктік бизнесті жүргізудің қиындықтарына әрі бұрын-соңды болмаған қиын кезеңдерге қарамастан Halyk Bank Қазақстан азаматтарына мемлекеттік жәрдемақыларды беруде шешуші рөл атқарды. Банк 300 000-нан астам клиенттерге жаңа шот ашты, ал 500 000-нан астам клиенттер банктің цифрлық қызметтерін алғаш рет қолдана бастады. Банктің IT-мамандары жаңа қызметтерді құру және сынақтан өткізу үшін тәулік бойы жұмыс жасады. Halyk Bank карантиннің алғашқы апталарында банктің барлық арналарында - SMS, веб-сайт, Facebook, Instagram және т.б. цифрлы банкингтің қалай жұмыс істейтінін көрсететін бейне оқулықтарды шығару арқылы халыққа түсіндіруде айтарлықтай еңбек етті. Мамыр айының ортасында төлемдер мен клиенттерге қызмет көрсету қызметі шамамен 80%-ы қашықтық арналары арқылы жүзеге асырылды - бұл өте қысқа мерзімде жүзеге асырылған үлкен жетістік және банктің айтарлықтай технологиялық мүмкіндіктерінің дәлелі екенін атап кету орынды. Осылайша, Halyk Bank өзін үздік қаржылық қызметтерді ұсынатын және серіктестер мен клиенттердің сеніміне лайықты мықты қаржы институты екенін айқындады», - деді Фитцджордж-Паркер.

«COVID-19 коронавирустық инфекциясының пандемиясына байланысты әлемдік экономиканың бастан өткеріп жатқан дағдарыс кезінде халықаралық сарапшылар қоғамдастығының Halyk Bank-ті мойындауы және бағалауы қаржы институтының нарықтағы мықты жайғасымын растайды, бұл өте маңызды. Қазіргі сын-тегеуріндерді ескере отырып, Halyk Bank технологиялық прогресті, цифрландыруды жеделдетуге, жылдам әрі ыңғайлы онлайн-сервистерді дамытуға бағытталған орта мерзімді даму стратегиясын жүзеге асыруды жалғастыруда», - деді Halyk Bank басқармасының төрайымы Үміт Шаяхметова.

Сыйлықты беру шешімі беделді қаржы талдаушыларының Euromoney басылымының жыл сайын шілде айында өткізілетін дәстүрлі «Үздік жетістіктер үшін наградалар» (Awards for Excellence) байқауының және нарық қатысушыларынан алынған егжей-тегжейлі есептерді терең талдау негізінде, сондай-ақ аймақтағы банк секторы мен қарыз капиталы нарығын жыл сайынғы зерттеулер негізінде қалыптасты.

Сонымен бірге басылым жоғары бейтараптық, әділеттілік стандарттарына ерекше назар аударады. Euromoney сарапшылары және редакторлар тобы сыйлыққа үміткер әр банктің қызметін мұқият зерттейді, шетелдік корреспондент-банктердің сауалнамалары мен белгілі қаржыгерлер мен банкирлердің пікірлері негізінде маркетингтік зерттеулер жүргізеді. Сараптамалық қорытынды келесі критерийлерді талдау негізінде қабылданады - банктің нарықтағы жайғасымы, нарықтағы үлесі, көрсетілетін қызметтердің ауқымы мен сапасы, жаңа банктік өнімдер, қаржы институтын басқару жүйесі мен сапасы, қызметкерлердің кәсібилігі, банктің инновациялық сипаты, бухгалтерлік баланс көрсеткіштері және банк қызметі, оның ішінде соңғы 12 айдағы мәмілелер мен жаңа шығарылымдар.

Euromoney Institutional Investor PLC – іскері және қаржылық ақпарат саласындағы ең ірі еуропалық компаниялардың бірі. 1969 жылы компанияның негізін қалаған ай сайынғы «Евромани» журналы медиахолдингтің жетекші басылымы болып қала береді. Бүгінгі таңда «Евромани» тобына қаржылық, инвестициялық және банктік тақырыптар бойынша мамандандырылған 100-ден астам компания кіреді, оның ішінде: Global Capital басылымдары, Ғаламдық нарықтар (ХӘҚ / Дүниежүзілік банк, Еуропалық қайта құру банкі, Азия Даму Банкі, Америкааралық Даму Банкі және Азиялық Инфрақұрылымдық Инвестициялық Банк сияқты әлемдік даму банктерінің Жыл сайынғы кездесулерінің ресми жарияланымы), Institutional Investor, Metal Bulletin, AsiaMoney (Гонконг), American Metal Market, Insurance Insider, International Equity Review, Project & Trade Finance, International Financial Law Review, Ned Davis Research, AsiaLaw және басқалары. Компанияның акциялары Лондон қор биржасында (FTSE 250) листингтен өтті.

adimage