І жартыжылдықта отандастарды көшіру мембағдарламасы бойынша Ресейге Қазақстаннан 11,4 мың адам қоныс аударған

Күні: 13:37, 03-11-2014.

Астана. 3 қараша. ҚазТАГ – 2014 жылдың қаңтар-маусымында мемлекеттік отандастарды көшіру бағдарламасы бойынша Ресейге Қазақстаннан 11,4 мың адам қоныс аударған, деп хабарлады РФ федералды көші-қон қызметі.
«Ағымдағы жылы Ресейге мемлекеттік бағдарламаның 17,7 мың қатысушысы келіп жетті, (куәгерлік мәліметтері бойынша, олардың отбасы мүшелерімен бірге – 36,9 мың адам)... есептік тоқсанда (ІІІ тоқсанда – ҚазТАГ) Ресейге мемлекеттік бағдарламаның 9,9 мың адамы келіп жетті, (куәгерлік мәліметтері бойынша, олардың отбасы мүшелерімен бірге – 21,2 мың адам, бұл өткен жылғы ІІ тоқсанның дәл осы көрсеткішінен 3,7 есе көп)», - делінген РФ федералды көші-қон қызметінің сайтында жарияланған есепте.
Атап айтқанда, ІІ тоқсанда көшіп барушылардың көпшілігі келесідей елдерден:  Қазақстан – 30,5%, Өзбекстан – 21,2%, Украина – 13%, Молдавия – 10,9%, Армения – 8,9%, Тәжікстан – 6,5%, Қырғызстан – 4,4%, Әзірбайжан – 1,7% және басқа да елдер – 2,5%.
І тоқсанда мембағдарламамен РФ-ға 15,7 мың адам (Қазақстан тумаларының үлес салмағы 31,3%-ды құрайды), ал ІІ тоқсанда 21,2 мың адам (30,5%) көшіп келгенін ескерсек, онда қаңтар-маусымда Ресейге ҚР-дан 11,4 мың адам көшіп барған.
Сонымен қатар барлық көшіп барушылардың 64,2%-ы Орталық және Сібір федералды округтеріне бет алған.
Мембағдарламаны жүзеге асыра бастағалы бері 2014 жылдың 1 шілдесіне дейін РФ-ға барлығы мембағдарламаның 97 мың қатысушысы келіп жеткен (олардың отбасы мүшелерімен бірге – 199,3 мың адам).
Мембағдарламаға қатысу үшін оның әрекет мерзімінен бері қарай 186,6 мың отандас (отбасы мүшелерімен бірге – 416,2 мың потенциалды қоныс аударушы) анкета тапсырған, оның ішінде биыл 65,9 мың адамға 28,1 мың арыз қабылданған.
Атап айтқанда, ІІ тоқсанда Қазақстаннан бағдарламаға қатысуға деген анкеталардың саны 37,9%-ды құраған, салыстырмалы түрде Өзбекстаннан 17,8%, 11,3% Украинадан, 10,2% Молдовадан, 5,8% Қырғызстаннан, 3,4% - Тәжікстаннан және 2,8% басқа елдерден түскен.


Жаңалықтармен бөлісу: