Идеологиялық саладағы міндеттер бойынша кешенді жоспар жобасы дайындалуда – Бектенов

Астана. 23 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектенов зиялы қауыммен бірігіп, іргелі жобаларды ұйымдастыру туралы депутаттық сауалға жауап берді, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
«Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында мемлекет басшысы елдің тұтастығына, ауызбіршілігіне, тарихына және ұрпаққа өнеге болатын зиялы қауымның ара-қатынасына байланысты бірқатар мәселелерді көтерді», - деп хабарлады Олжас Бектенов.
Оның айтуынша, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша идеологиялық салада қойылған міндеттерді іске асыру үшін кешенді жоспар жобасы дайындалуда.
«Кешенді жоспар қоғамның рухани құндылықтарын нығайтуға арналған алты негізгі бағыттарды қамтиды - тәуелсіздік және отансүйгіштік, бірлік пен ынтымақ, әділдік пен жауапкершілік, құқықтық тәртіп, еңбекқорлық пен кәсібилік, жасампаздық пен жаңашылдық», - деп мәлімдеді үкімет басшысы.
Премьердің түсіндіруінше, жоспар әр сала бойынша еліміздің зиялы қауым мен белсенді өкілдерін ауызбіршілікке, жастардың рухани дамуына және бір ел болып жаңа ортақ құндылықтар жүйесін қалыптастыруға және дәріптеуге негізделеді.
Сондай-ақ ол, кешенді жоспарда көзделген іс-шаралар аға буынды және жас ұрпақты, сонымен қатар зиялы қауымды ортақ мақсатқа жұмылдыратынын атап өтті.

Фото көзі: primeminister.kz


adimage