Игорь Лепеха Қазақстанның ішкі істер вице-министрі болып тағайындалды

Астана. 6 қазан. ҚазТАГ – Игорь Лепеха Қазақстанның ішкі істер вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының өкімімен Игорь Владимирович Лепеха Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Лепеха 2020 жылдың наурызынан бастап ІІМ аппаратының басшысы болған, оған дейін 2019 жылдан бастап ІІМ штаб-департаментін басқарған, оның алдында 2011 жылдың қыркүйегінен бері ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы болған.

adimage