Игорь Мальковский: Су өте тиімді тауарға айналуы керек

Алматы. 4 қазан. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Футурологтың болжамы бойынша, халықтың ұлы қоныс аударуына таза су себеп болуы мүмкін: адамдар су қоры бай аудандарға миллиондап көшетін болады. Қазақстан бұл аумақтар санына кірмейді. Қазірдің өзінде бізде ауыз су тапшылығы сезіліп отырған өңірлер бар.
«География институты» ЖШС бас менеджері, география ғылымдарының докторы Игорь Мальковский Қазақстан қазір су қорының азаю кезеңін басынан өткеріп жатқан жоқ, және мәселе судың барында не жоғында емес, су қорын басқару қабілетінде жатыр дейді.

- Игорь Михайлович, сонда да Қазақстанның су қорының көлемі қандай? Заманауи бағалар бар ма?

- Су қорын бағалау (СҚ) – бұл география институты айналысып жатқан проблемасының бірі: бөлімшелер бар, біз гидрометқызметтен түскен барлық ақпаратты қайта қараймыз, өз бақылауларымызды жүргіземіз. Қазақстан аумағында қалыптасатын өзен ағыстарының жыл сайын жаңартылатын қоры СҚ негізгі құрамдасы болып табылады. Біздің ең заманауи бағаларамыз бойынша, бұл жылына 91,3 текшешақырым. Егер 30 жыл бұрынғы бағаны еске түсірсек, ол 115 текшешақырым деп бағаланған еді. Қысқару 23-24 текшешақырымды құрап отыр. Ненің есебінен? Трансшекаралық ағыстардың қысқаруы есебінен - 16 текшешақырым, ішкі ағыстар есебінен – шамамен 8. Біздің елдің ерекшелігі сол, өзен ағыстарының жартысы бізге шекаралас мемлекеттер аумағынан келеді: Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстаннан. Осы елдердің шаруашылық қызметі салдарынан трансшекаралық ағыстар қысқартылуда.
Болжамдарға келсек, олар көңіл көншітпейді: ол ағыс ары қарай да қысқара береді. Біздің көршілеріміз Ертіс, Іле, Сырдария, Жайық секілді трансшекаралық өзен суларын алуды арттыру арқылы су шаруашылығы бағдарламасын жоспарлауда.
Өзен ағыны – бұл жаңартылатын, динамикалық қорлар. Егер статистикалық СҚ туралы айтсақ, оларға да азаю үрдісі тән. Мәселен, Арал кеуіп қалды, су-экологиялық дағдарыстың әлеуетті аймағы ретінде біз Балқаш көлінің бассейнін атаймыз, ол жерде де Арал сценарийі қайталана ма деп қауіптенеміз. Бұл Қытайдың Іленің жоғары жағын игеріп жатқанымен байланысты (сәйкесінше трансшекаралық ағыс та қысқарады), оған қоса біздің климаттық өзгерістеріміз де әсер етуде. Айта кету керек, Балқаш – ең ірі және өте маңызды су қоры, мемлекеттік маңыздағы нысан.

- Жер асты су қоры туралы сіз не айтасыз?

- Гидрогеологтардың бағалауынша олар барынша маңызды. Алғашқы бағалаулар жарты ғасыр бұрын алынған, және олар негізінде жер бетіндегі қорларға пара-пар. Шындық мынада, оларға баға жасалғаннан бері олар жер үсті суларын пайдалану үлесінің 5-6% құрайды. Болашақта ол артуы мүмкін, бірақ аздап қана –7% дейін.
Жер асты суларын пайдалануға қатысты бүгінгі тұжырымдама олардың мемлекеттік резерв ретінде сақталуын және тек ауыз су мақсатында ғана қолданылуын білдіреді. Бұл, былайша айтқанда ақырғы күнге арналған қор. Бір кездері жоспарланғандай, оларды кеңінен суаруға қолдануға бүгінде жол берілмейді.
Оның үстіне зерттелген жер асты су қорының көлемін техникалық тұрғыдан қол жетімді және экономикалық тұрғыдан ойға қонымды деп бөлу керек. Жер асты суы әркез заманауи техникалық құралдармен игеру үшін қол жетімді бола бермейді және оның қымбат болуы соншалықты оны қолдану тиімсіз болып шығады.
Экологиялық аспектісі тағы бар: жер астынан судың көп көлемін сорудың жағымсыз салдары да болуы мүмкін, және бұл – жер асты суларын қолдануға тағы бір тежеу болып отыр.

- Қазақстан Орталық-Азия өңірінің көптеген өзендерінің төменгі жағында орналасқан. Сіздің пікіріңізше, біз су мәселесінде ағыстардың жоғарысында орналасқан көршілерімізге қаншалықты тәуелдіміз? Олардың тарапынан «су диктаты» туралы айтуға бола ма?

- Шындығында, маңызды проблемалардың бірі – халықарлық су ынтымақтастығы, көрші елдермен осы мәселе бойынша келіссөздер өте қиынға соғады.
Егер тарихты еске түсірсек, бұрын Сырдария, Әмудария, Шу мен Талас өзендерінің бассейндерін қолданған бес орталық азия республикаларының (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан) қарама-қайшылықтары сол кездегі КСРО орталық органдары –су шаруашылығы министрлігі және мемжоспармен шешілетін. Бұл органдар су алудың лимиттерін белгілейтін, солардың көрсетуі бойынша барлық салааралық (энергетикадағы, суландырудағы) қарама-қайшылықтар шешілді, және суды қолдану жүйесі одақтық мемлекеттер мүдделеріне бағынды. Қазақ КСР, өзендердің төменгі жағында орналаса тұра, суды бөлу жағдайына қарсылық білдірді, алайда оның жалпы елдер үшін барынша тиімді болуы аталмыш жүйені ақтады.
Ал енді республикалар тәуелсіздік алғасын, бұл жүйені қайта қарау қажеттілігі туындады. Себебі әр мемлекеттің өзінің ұлттық мақсаттары бар ғой. Және мемлекет аралық су бөлу мәселесі өзінің өзектілігі мен күрделілігін сақтап отыр. Әрине, арнайы мемлекет аралық су органдары құрылды: осылайша халықаралық Аралды құтқару қоры мен мемлекет аралық су шаруашылығы комиссиясы құрылды, ол трансшекаралық өзендерді қолданудағы ынтымақтастық мәселесімен айналысады. келіссөздер тәжірибесі ұзақ әрі ауыр, әзірге КСРО-да белгіленген ережелерді қалдыруға келісті. Ол органдар құрылғалы бері 25 жыл өтті, кей нәрселерге қол жетті, бастысы – бізде суға қатысты мемлекетаралық үлкен дау-жанжалдар болған жоқ.
Алайда мәселе де түбегейлі шешілмеді, біздің елдер өзара келісуі қиын түрлі ұстанымдарды ұстануда, мәселен, мынадай тұжырымдама бар – аумағында су ресурстары қалыптасқан мемлекет оның толық қожайыны болып табылады, яғни оған қалаған нәрсесін жасай алады. Мұндай ұстанымды, атап айтсақ, Қырғызстан ұстанып отыр – олардағы су ресурстарының мемлекеттің толық жеке меншігі екені олардың заңнамасында жазылған. Бұл Қырғызстанның тауында орналасқан, Өзбекстан арқылы, ішінара Тәжікстан арқылы өтетін, Сырдарияға қатысты, ал біз оның төменгі сағасында орналасқанбыз
Қуанышымызға орай, су бөлмейді, су қосады деген жалпы сенім бар. Сондықтан түптің түбінде біз СҚ әділ және дұрыс қолдану туралы келісеміз, ол трансшекаралық бассейн елдері үшін ортақ болады деген үміттеміз.

 
- Су бөлу мәселесінде ең күрделі және ыңғайсыз серіктес Қытай шығар, сірә...

- Шынымен де Қытаймен келіссөздер ең қиыны. Халықаралық су ағысы туралы БҰҰ толып жатқан халықаралық құжаттар топтамасы бар, Қазақстан бірқатар конвенцияларына қол қойған, оларда жинақталған тәжірибе мен ережелер бар, мәселе дәл осылара тіреліп отыр. Қытай өз кезегінде ондай құжаттарды мойындамайды, тәуелсіз ұстаным ұстанады, және мемлекеттер тек өзара келісуі керек деп есептейді: олар қандай деп шешсе, солай болуы керек дегендей.
ҚХР-мен ықпалдасудың принциптік бір мәселесі – мен еске салған халықаралық құжаттарда айтылған басымдықтар жүйесі деп аталатындары. Су ресурстарын пайдаланғанда Қазақстан мүддесіне аумақты шаруашылық игеруге шектеу қою секілді қоршаған ортаны сақтау басымдығы қанағаттандырады. Қытай суды көп қажет ететін өндірісті дамытуға байланысты халқын Шыңжаңның батысы мен Балқаш бассейні ауданына жаппай көшіру жоспарын іске асырып жатқанын естіген боларсыздар. Бұл ретте Балқашқа құйылатын Іленің сағасы едәуір азаяды да ол жалпы жағдайға теріс әсер етері сөзсіз. Сондықтан да мен Балқаш су дағдарысының әлеуетті нысаны екенін ескерткем. Біздің ҚХР-мен Ілені пайдалану туралы келіссөздердегі ұстанымымыз өзен жүйесі мұздіқтардан бастап сағасына дейін өзінің тұтастығын сақтап, төменгі жағына белгілі көлемдегі су жеткізіп тұруы керек.

- Ал сол ағатын судың нақты көлемі келіссөздерде талқыланды ма?

- Иә. Мен сарапшы ретінде келіссөздер үдерісіне аздап қатысы бар, онда келісім жобасы бар, ұсыныс бар, екі жақтың да көніп, ақылға сиымды ымыраға келу керектігін түсіну бар. Біз арқа сүйеп отырған халықаралық су бөлу жөніндегі БҰҰ конвенциясында да ақылға сиымдылық пен әділділік, ағыстың жоғарғы жағындағылардың әрекеті төменгі жақтағыларға айтарлықтай зиян келтірмеу керектігі туралы айтылады ғой. Жақында келіссөздердің кезекті раунды аяқталды, бірақ тараптардың міндеттері бойынша ол келіссөздердің егжей-тегжейлері әзірге құпия болғандықтан жариялауға жатпайды.

- Сіз Қытайдың саясаты Іле-Балқаш өңірінің салыстырмалы тыныштығына қауіп төндіруде дедіңіз. Ал ҚХР аймағынан бастау алатын Ертіс өзеніндегі жағдай қандай?

- Ондағы жағдай да осыған ұқсас. Бірақ Ертіс бойынша біз екі ұлы державамен – Ресей және Қытаймен қысылып отырмыз. Оның үстіне егер Іле бойынша Қытай ағыстың жартысынан астамына ие болып отырса, Ертістің жалпы ағыс көлемі жылындағы 32 текше километрден тек 7 текше километрі Қытайдағы Қара Ертістің ағысын құрайды, ал 25 текше километрі біздің аумақта қалыптасады. Және де бүгіндері Ертіс біздің ең басты су көзіміз.
Қытай өзінің атақты Қарамай каналын салды. Ол сол өзеннің ешбір көрсеткіштерін, көлемін, су шығындарын ешкіммен де үйлестірмеді. Бірақ ондағы жағдай бойынша Қытай өзінде қалыптасатын су көлемінің жартысынан астамын пайдалана алмайды, ол жазылмаған ереже. Ол еш жерде көрсетілмеген, және келісім жоқ кезде біз сол цифрға қарап бағдарлаймыз.
Екінші жағынан біз қазір сол 25 текше километрдің жартысынан астамын төменге ағызамыз, Омбы жаққа қарай. Бірақ Ресей әлемдегі СҚ жағынан ең бай елдердің бірі болғанымен (Бразилиядан кейінгі) Омбы облысының жекелеген аудандарында су жетіспейді. Соған байланысты ресейлік бірқатар БАҚ-тарда жалпы әуені «Біздің Ертіске тимеңдер» дегенге саятын мақалалар пайда болды. Бізде болса, шынымен де Ертістің бір бөлігін еліміздің орталық және оңтүстік аймақтарына аударып ағызу жоспары бар. Іле мен Сырдариядағы ала алмай отырған су көлемінің орнын толтыру үшін.

- Менің түсінгенімше әңгіме трансқазақстандық канал туралы болып отыр ғой. Ол әзірге тек жоба ма әлде принциптік шешім қабылданып қойды ма?

- Былай деп айтайықшы, құрылыс салу идеясы бар. Ол идея жаңа емес, еске түсірсеңіздер өткен ғасырдың 80-ші жылдары сібір өзендерінің суларын азия өңіріне аудару идеясы болған, бірақ оны қарғыс атқандай етті, ал идея бәрібір қалды.
Біздің логикамыз келесідей: қалайша біз өзімізде қалыптасатын Ертістің суының жартысын өзімізде қалдыра алмаймыз? Оның үстіне Іле мен Сырдария сарқылып барады, ал суға зәру оңтүстік өңірлер сусыз қалу қаупінде тұр.
Көптеген әр түрлі ұсыныстар бар, бірақ біз ұзындығы 3 мың шақырымнан асатын трансқазақстандық өзенді салу керектігін негіздеп отырмыз. Ол Ертістің Шүлбі су қоймасынан бастау алып, республиканың оңтүстік батысындағы, Шу өзенінің төменгі сағасындағы «Қазақстан» су қоймасына дейін ағып келуі керек. Ол өзен Орталық Қазақстанның ойпатты жерлерімен ағып өтетіндіктен өзінше ағатын өзен болады деп отырмыз, демек оған қуатты көп жаратпаймыз. Ол өзеннің бастапқы бөлігі астаналық тармақ құрылысы үшін пайдаланылуы мүмкін, себебі Астанаға бүгіндері су жетіспейді, Есіл өзенінің суы жетіспейді. Каналдың міндеті А нүктесінен суды В нүктесіне жеткізу ғана емес қой, оның ағысы бойынша өңірлерді сумен қамтамасыз ету үшін тармақтарғы су жығылып жатады ғой.
Жоба әрине қымбат, экономистердің есептеуінше оның құрылысына $15-25 млрд. керек. Әрине, бұл бірінші кезектегі міндет емес, ол нысан стратегиялық нысан, бірақ бүгінге оған балама жоқ. Жеті рет өлшеп, бір рет піш дегендей.

- Ертістің өзі ондай арнасын бұруға қаншалықты дайын? Жақында ғана сіздің әріптесіңіз академик Северский Ертіске су беріп тұрған мұздықтар енді 80-85 жылда құрып кетеді деген еді.

- Қоғамда мұздықтардың өзендерге су беріп тұрған рөлін бұрыс түсіну қалыптасып отырғанынан бастайықшы. Мұздықтар дегеніміз не? Ол табиғи су қоймалары, себебі олар өздігінен су шығармайды. Мұздықтардың рөлі қысқы маусымда жауын-шашынды мұзға айналдырып, бойына шоғырландырып, ал жазғы маусымда оны өзендерге беретіндігінде. Егер мұздықтар болмаса, көктемгі маусымда барлық ылғал тікелей жауын-шашын түрінде өзендерге беріледі, орасан зор тасқындар болады, ал жазда су тапшы болады. Сонымен қатар ғасырлап қорланған мұздықтар еріп жатыр, бізде қазір су ағыны аздап артық деп бағалануда.
Сондықтан су тапшылы проблемасы СҚ тапшылығында емес, суды тиімді пайдаланбауда.

- Пайдалану туралы айтсақ. Бізде энергия тиімділігі туралы көп айтады, ал су тиімділі туралы айтқан адамды естімеппін. Демек, мұнайға қарағанда суға назар аз аударылып отырғаны ма?

- Үрдіс өзгеріп отырады. Мысалы барлық экономикасы мұнайға негізделген Ресейде мұнай таусылғандағы елдің даму келешегін қарастыруда - сонда су экономиканың негізі болады деп нық айтылды: суды және суды көп қажет ететін өнімді экспорттау ел экономикасының келешегі.
Суды көп қажет ететін өнім – ол бірінші кезекте электр энергиясы: ГЭС, АЭС дәл осы су ресурстарын көп қажет етеді. Және Ресей жоспарында экспортқа шикізатқа қарағанда дәл осы суды көп қажет ететін өнімдерге артықшылық беруде. Бізде өкінішке қарай ондай жоқ.

- Осыған байланысты келесідей сауал: бізде СҚ мемлекеттік басқару жеткілікті ма? Сіз өзіңіз айттыңыз, КСРО-да су шаруашылығы министрлігі болғанын, ал бізде – су ресурстары комитеті ғана, онда да ол ауыл шаруашылығы министрлігінің бір бөлімшесі түрінде.

- Менің жеке ұстанымым – бұл жағдай дұрыс емес. СҚ басқару проблемасы су шаруашылығы министрлігін немесе мемкомитетті құруды қажет етеді. Сонда суға байланысты мәселелерді жоғарырақ деңгейде шешуге болады.
Ол идея менің идеям емес, бірқатар мамандар тек СҚ басқарумен айналысатын орган керек деген ой айтты: таратумен, реттеумен, суды тазартумен, экономикалық әдістерді енгізумен, сатумен айналысатын. Егер су тауар болатын болса, сала тиімді болуы керек. Ауыл шаруашылығынан, суды тұтынушылардан оны ажыратып алу керек, керісінше, егер су шаруашылығы министрлігі болатын болса, ол суды ауыл шаруашылығына сатуы керек. Ол нарықтық жағдайда осындай болуы керек. Әрине, өзіндік ерекшеліктері де болады, суға қатысты жалпы нарықтық тетіктерді енгізуге болмайтыны түсінікті, бірақ нарықтың элементтері болуы керек.

- Сұхбатыңыз үшін рақмет!

adimage