Игорь РОГОВ, Конституциялық кеңес басшысы: ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫН ӨЗГЕРТУГЕ СЕБЕП ТЕ, МАҒЫНА ДА КӨРІП ТҰРҒАН ЖОҚПЫН

Астана. 25 тамыз. ҚазТАГ – Ирина Нос. Тарихшылар әлемде қолданыстағы ең көне конституция деп 1600-шы жылы қабылданған Сан-Марино негізгі заңын айтады. Қазір де қолданыста жүрген атаулы конституция (өзін осылай деп жариялаған құжат) 1780-ші жылы қабылданған Делавер штатының конституциясы деп есептеледі. Қазақстан Конституциясына 30-шы тамызда 15 жыл толады. Осы атаулы датаның қарсаңында Игорь РОГОВ ҚазТАГ агенттігіне сұхбат берді.

 

– Игорь Иванович, еліміздің осы Негізгі заңмен өткен жолын сіз қалай деп бағалайсыз?

 

– Конституция елдің дамуының стратегиялық бағыттарын қарастыра отырып тәуелсіз Қазақстанның пішінін толығымен қалыптастырды. Ол идеологиялық және саяси саналуандылықты, адам мен азаматтың халықаралық мойындалған құқықтарын, сондай-ақ мемлекеттік биліктің жаңа жүйесін нығайтты. Нарықтық экономиканың азаматтардың әлеуметтік мұқтаждықтарына бағытталған негізі қаланды.

Біртұтас мемлекеттік биліктің тармақтары жемісті жұмыс істейді. Олардың үйлесімді өзара іс-қимылының кепілі республика президенті болып отыр. Екі палаталы парламент те тиімді жұмыс атқаруда. Қабылданып отырған заңдардың да сапасы артты. Үкімет бастаған атқару билігінің органдары жаңа принцип бойынша жұмыс істеп заңнамалық актілерді іске асырып жатыр. Адам құқықтарын кез келген жүгенсіздіктен арашалай алатын тәуелсіз сот жүйесі қалыптасты.

 

– «Кез келген құбылыс динамикалық жағдайда ғана бар – бұл диалектиканың бір заңы. Және Қазақстан дамушы мемлекет ретінде халықаралық тәжірибе де, экономикалық және саяси дамудың ішкі қажеттілігі де алға қойып отырған жаңа міндеттерін елемей қоймайды» - бұл сіздің екі-үш жыл бұрын республикалық бір басылымға берген сұхбатыңыздан сөздәйек. Бүгін де сіз солай деп ойлайсыз ба?

 

– Барлық заманауи мемлекеттерде барлық құқықтық жүйенің негізгі байланыстырушы элементі ретінде Конституция танылады да, соның төңірегінде елдің барлық заңнамасы дамиды, қоғамдық және мемлекеттік институттар құрылып өркендейді.

Конституция түбегейлі қоғамдық қатынастарды олардың ұзақ мерзімдік перспективасын ескере отырып реттейді. Негізгі заңның әлеуеті елде қажет әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени және басқа да шарттар жасалуына қарай ашыла түседі және ол жасалып та жатыр.

 

– Жас демократия (Қазақстанды Батыста осылай деп атайды) 15 жылда жан-жақты тегіс қамтыған негіз боларлықтай заң жасай алды деп айтуға бола ма, әлде біз әлі де қажет өзгертулер енгізуіміз керек пе? Егер диалектика бойынша өзгерістер міндетті түрде болатын болса, онда жақын арада конституциялық реформа күтуіміз керек пе?

 

– Қазақстанның негізгі заңына келсек, ол меніңше, бүгінге өзгерістерге мұқтаж емес. Тек қазақстандық емес, сонымен қатар шетелдік көптеген заңгерлердің пікірінше, біздің Конституция халықаралық стандарттар талабына сай келеді.

Ал ағымдағы заңнаманы өзгерту қажеттігі өзінен өзі анық және республика президентінің қойып отырған міндеттерінен шығады.

 

– Сіздіңше, Қазақстанда оқиғалардың, былайша айтсақ, қырғыздық сценариі бойынша дамуы мүмкін ба? Мен басқару формасын – президенттіктен парламенттікке өтуін айтып отырмын?

 

– Қырғыз республикасының құрылымындағы өзгерістер – ол сол мемлекеттің өзінің дербес құқығы. Бізде сіз сұрап отырған өзгерістер екі себептен болуы мүмкін емес. Біріншіден - оның мағанасы неде? Президенттік басқарудың парламенттік басқаруға қарағанда демократиясы аздау деп кім, қай жерде және қашан айтты? Құрама Штаттары – президенттік республика, ГФР – парламенттік. АҚШ-та ГФР-ге қарағанда демократиясы аз деп кім айта алады? Егер сіз солай деп айтсаңыз американдықтар да немістер де сізді түсінбеген болар еді. Басқарудың қай түрінде дамократия басымдау деп қарау – әдістемелік тұрғыдан қателік.

Әрбір ел, әрбір мемлекет, әрбір халық басқару түрін таңдауға құқықлы. Оның себептері әр түрлі болуы мүмкін. Демократия мен басқару түрлері – парламенттік пе әлде президенттік пе – бір-біріне байланыссыз. Бәрі де жалпы айтқанда Конституцияға, саяси режимге, мемлекеттік институттардың жұмысына, адам құқықтарының қорғалғандығына байланысты.

Қазақстандағы басқару формасын өзгертуге деген себеп және ондағы тұрған ешқандай мағананы мен көріп отырған жоқпын.

Екіншіден – оның заңгерлік себептері де бар. Заң бойынша қолданыстағы Конституция аясында олай ету мүмкін емес. Конституциялық нормалар келесідей. 2-ші баптың 1-ші тармағы – «Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет болып табылады». Конституцияның IX-шы бөлімінде – Конституция қалайша толықтырылып және өзгеруі мүмкін деген мәселелер реттелетін бөлігінде 91-ші бап бар. Сол баптың 2-ші тармағы былай делінген – «Конституциямен бекітілген мемлекеттің біртұтастығы мен территориялық тұтастығын, республиканы басқару нысанын өзгертуге болмайды».

Яғни, Конституцияда көптеген тұстарын өзгертуге болады бірақ осы қағидаларды өзгертуге болмайды. Қолданыстағы Конституция аясында басқару нысанын өзгертуге бағытталған түзетулерді енгізу мүмкін емес.

Бірақ билікті бөлу балансы мен олардың қатынасы өзгеріссіз қалады деген сөз емес. Және президент оны 1998-ші және 2007-ші жылы тамаша көрсете білді. Ол кезде Конституцияға түзетулер енгізіліп, өкілеттіктің біраз бөлігі парламентке өткен. Мемлекеттің саяси құрылымы өзгеруі мүмкін, бірақ президенттік басқару формасының шеңберінде ғана.

 

– Мынаны сұрайыншы: парламент мәжілісінің мүшелері болып табылатын Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері мамырда ұлт лидері туралы заңға бастама болды, енді ол қабылданып және республиканың заңнамалық базасына енді. Сіздіңше, ассамблея қазір Конституцияны өзгерту туралы ұсыныс енгізе алмайды ма?

 

– Мен ассамблея мүшелерінің пиғылын білмеймін. Мен саясаткер де, болашақты болжаушы да емеспін, не болуы мүмкін деген болжам айтумен айналыспаймын, мен құқықтық нақты дүниені зерттейтін заңгермін.

Құқықтық тұрғыдан ассамблея мүшелерінің бастамаларының құқықтық айтарлықтай салдары болмайды, себебі 91-ші баптың 1-ші тармағына сай, Конституциядағы өзгерістер республика президентінің жеке өзінің бастамасымен қабылдайтын не парламент, немесе үкіметтің ұсынысымен қабылданатын шешімімен өткізілетін республикалық референдум арқылы енгізілуі мүмкін. Ол тізімде ассамблея жоқ.

Президент Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар жобасын парламенттің қарауына беру туралы шешім қабылдаса, ол республикалық референдумға шығарылмайды. Республикалық референдумға шығарылған өзгертулер мен толықтырулар үшін облыстардың, республикалық маңыздағы қалалардың кем дегенде 2/3 бөлігінде және Астанада дауыс беруге қатысқан азаматтардың кем дегенде 2/3 бөлігі дауыс берсе, олар қабылданды деп есептеледі. Конституцияға түзетулерді қабылдау процедуралары осындай күрделі. Егер түзетулерді парламент қараса, олар үшін парламент палаталарының әрқайсысындағы депутаттардың жалпы санының кем дегенде бестен төрт бөлігі дауыс беруі тиіс. Көріп отырғаныңыздай, түзетулер енгізу үшін саяси күштердің жұмылғаны керек.

 

– Президенттің жақында қол қойған құқық қорғау жүйесін реформалау туралы жарлығына байланысты Конституциялық кеңесті оңтайландырып, қайтадан Конституциялық сот құру керек немесе оның функцияларын реформаланған Жоғарғы сотқа беру керек деген қоғамда айтылып жатқан пікірге («Әділет» партиясының басшысы айтқан) қалай қарайсыз?

 

– Маңызды сұрақ, мен бұл екі институтты жеке тәжірибемнің негізінде салыстыра аламын. Институттың екеуі де жеткілікті деңгейде тиімді жұмыс істеп жатқанын айту керек, бірақ олардың міндеттері әртүрлі. Конституциялық сот Конституцияны қорғайтын сот органы болса, Конституциялық кеңесті әдетте сот іспеттес орган деп жиі атайды.

Олардың плюстері мен минустары туралы айтайық. Конституциялық соттың плюстеріне оның президент, премьер-министр, депутаттар сияқты лауазымды тұлғалардың ғана емес, азаматтардың да шағымдарын қарай алатынын жатқызуға болады. Конституциялық кеңеске келсек, оның Конституциялық соттан артықшылығы, бірінші кезекте, оның «бастапқы конституциялық бақылауды» жүзеге асыратындығында. Яғни, парламент қабылдаған, бірақ әлі күшіне енбеген заң президент қол қоймас бұрын Конституциялық кеңесте тексеріледі.

Көптеген заңдарды қабылдап, олардың Конституцияға сәйкестігін тексеруді қажет ететін Қазақстанның қазіргі даму кезеңінде бұл модельді таңдау керек шығар, өйткені заңның күшіне енгенін күтіп, содан кейін Конституциялық сотқа шағымдану тиімсіз.

Конституциялық кеңестің кемшіліктеріне оның азаматтардың шағымдарын қарамайтындығын жатқызуға болады, бірақ бұл «олқылық» оның сот шағымдарын қарау мүмкіндігімен жабылады. Сот белгілі бір істі қарау барысында заңның немесе басқа бір нормативтік актінің бір нормасы Конституцияға қайшы келіп, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектейді деп санап, оның Конституцияға сәйкестігіне күмәнданса, ол өндірісті тоқтатып, Конституциялық кеңеске жүгіне алады.

Қазақстан үшін бүгінгі күні Конституциялық кеңестің үлгісі көбірек қолайлы сияқты.

 

– Қабылданған заң күшіне еніп, тәжірибе жүзінде қолданылып жатса, оның Конституцияға сәйкестігін кім тексереді? Басқа елдерде қалай жасалады?

 

– Конституциялық соттары бар елдерде бұл тиісті субъектілердің және азаматтардың белгілі бір заңның немесе нормативті-құқықтық актінің Конституцияға сәйкес емес деп тану туралы шағым түсіруі шешіледі.

Біздің Конституциялық кеңеске азаматтар жүгіне алмайтынын айттым, бірақ олар мұны өздерінің ісі қаралып жатқанда судьяға наразылық білдіру арқылы жасай алады. Сондықтан бізде осы себепке байланысты Конституциялық кеңестің тиімділігі төмен деп айтпас едім.

Мысал ретінде Украинаның Конституциялық сотын алайықшы. Конституциялық сотқа көптеген шағымдар түседі, бірақ көбінесе депутаттар арызданады. Азаматтарға келсек, олар да тікелей Конституциялық сотқа жүгіне алмайды, тек жалпы юрисдикцияның соты арқылы ғана. Украинада жергілікті сот Конституциялық сотқа жүгінбес бұрын Жоғарғы сотқа жүгінуге тиіс. Ал бізде кез-келген адам Конституциялық кеңеске тікелей шағымдана алады. Әр елдің өз ережелері бар.

Назар аударатын тағы бір жағдай бар. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, көптеген елдерде сот органдарының – жалпы юрисдикцияның соттары мен Конституциялық соттардың арасында белгілі бір бәсекелестік байқалып отыр. Бізде ондай мәселенің туындауы мүмкін емес, өйткені Конституциялық кеңес сот органы болып саналмайды. Конституциялық бақылаудың институттары қандай түрде қызмет етіп жатқаны маңызды емес, ең бастысы - оның Конституцияны тиімді қорғайтынында. Мысалы, Конституциялық кеңестер Францияда, Алжирде бар.

 

– Менің түсінгенімше, нормативтік актілердің Конституцияға сәйкестігіне қатысты шағымдарды қарау құқығын Жоғарғы сотқа берудің қажеті жоқ?

 

– Жоғарғы сотқа заңдардың Конституцияға сәйкестігі туралы дауларды қарау құқығын беруге келсек, мұны Конституцияға түзетулер енгізу арқылы жасауға болады. Бірақ бір органның нақты істі қарап, осы іс бойынша қолданылатын заңның Конституцияға сәйкестігін тексергенде, бұл қаншалықты тиімді болады? Жауап белгілі деп ойлаймын.

 

 

– Игорь Иванович, оппозициялық БАҚ-та ҚР Конституциясының кейбір баптары жұмыс істемейді деген ой жиі айтылады. Осы айтылғанға қатысты сіз - Конституциялық кеңестің басшысы не айта аласыз?

 

– Конституцияға жеке заңгерлік құжат ретінде тар мағынада қарауға болмайды. Пәрменді Конституция дегеніміз көптеген заңдар, мемлекет пен қоғам дамуының дұрыстылығының көрсеткіші болып табылатын құқық қорғау тәжірибесі. Осыған байланысты Конституцияның мәтіні ғана емес, оны іс жүзінде жүзеге асыру да маңызды. Құқықтар мен бостандықтардың кешені ғана емес, оның қалай жүзеге асырылғаны да маңызды.

Мемлекет бұл бағытта үлкен жұмыс атқарып отыр. Конституциялық Кеңеске келсек, оның міндеті өз өкілеттіктерінің шеңберінде заң шығару қызметінде Ата заңның талаптарын сақтауды қамтамасыз етуі болып табылады. Бұл салада олқылықтар орын алып жатса, конституциялық бақылау органдары оларды жою және олардың алдын алуға арналған құралдар болып табылады.

 

– Әңгімеңізге рахмет! Қазақстан Конститтуциясының күнімен құттықтауымызды қабыл алыңыз!


adimage