ІІ тоқсанда 454 мың қазақстандық жұмыссыз қалған – статкомитеті

Астана. 12 тамыз. ҚазТАГ – 2020 жылдың ІІ тоқсанында жұмыссыздар саны бағалау бойынша 454 мыңды құраған, уақытша жұмыссыздар саны 368,5 мың адамды құраған, делінген ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетіндегі хабарда.
«2020 жылдың ІІ тоқсанында республика экономикасында 8,7 млн адам жұмыспен қамтылған. Олардың арасында 6,7 млн адам (76,5%-ы) жалдамалы жұмысшылар. ХЕҰ әдістемесі бойынша жұмыссыздар саны 454 мың адамды құрап отыр, жұмыссыздық деңгейі – 5,0%», - делінген статистика комитеті сайтындағы жедел-ақпаратта.
Хабарға сәйкес, ІІ тоқсанда І тоқсанмен салыстырғанда уақытша жұмыссыздар саны 160 есе өскен, оған себеп жұмыстарының тоқтап қалуы және т.б, сөйтіп 368,5 мың адамды құраған. Олардың 23,1% - ы сауда саласындағылар, 12,3% – білім, 8,6% - құрылыс, 8,2% - басқа қызмет (шаштараз, сұлулық салоны, шағын тұрмыстық қызметтер), сәйкесінше 8,1% - дан көлік, қызмет көрсету және тамақтану саласындағылар.
Сондай-ақ, жұмыс көлемінің төмендеуінен негізгі жұмыс орнында аз сағат жұмыс жасайтындар саны 21%-ға, яғни 339,6 мың адамға өскен.

adimage