ИИДМ комитетінің экс-басшысы Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Алматы. 17 шілде. ҚазТАГ –Инвестиция және даму министрлігінің индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Алмас Батанов Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
«Облыс әкімінің жаңа орынбасары болып Алмас Батанов тағайындалды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, ол ауыл шаруашылық саласына жетекшілік етеді.
Батанов 2018 жылдың ақпанынан бастап ИИДМ комитетінің басшысы, 2016 жылдың желтоқсанынан 2018 жылдың ақпанына дейін премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары, 2016 жылы ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті төрағасының орынбасары болған.

adimage