ІІМ Қазақстандағы ең сыбайласқан орталық меморгандар рейтингін бастап тұр

Астана. 13 қаңтар. ҚазТАГ – Әзиза Жамалиева. Ішкі істер министрлігі Қазақстандағы ең сыбайласқан орталық меморгандар рейтингін бастап тұр.
«Орталық мемлекеттік органдар арасындағы мониторинг қорытындысы бойынша бестікке ІІМ (297), қаржы министрлігі (49), қорғаныс (29), индустрия және инфрақұрылымдық даму (20), ауыл шаруашылығы (19) кірді. Атап өтерлігі, негізінен қылмыстар аталмыш министрліктердің аумақтық бөлімшелерінде немесе ведомствоға бағынышты мекемелерде орын алып жатады», - деді превенция департаментінің басшысы Анар Жарова ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің брифингінде.
Ол нақтылағандай, құқықтық статистика органдарының ақпарынша, өткен жылы сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандар саны 1002 адамды құрады «бұл 2018 жылғы мәннен аз, нақтырақ айтсақ 7% -ға төмен».
«Сотталғандар бөлінісінде: 515 - орталық мемлекеттік органдар қызметкерлері, 261 – жергілікті атқарушы органдар, 37 – квазимемлекеттік секторда жұмыс жасағандар, 189 – басқа тұлғалар», - деді Жарова

adimage