ІІМ министр Тұрғұмбаевтың қызметтік көлігінің екінші нөмері туралы айтпады

Алматы. 7 тамыз. ҚазТАГ – ҚР ІІМ министр Ерлан Тұрғұмбаевтың қызметтік көлігінің әр түрлі нөмерлері туралы түсінік берді.
«Ішкі істер министрі мемлекеттік нөмері 046 KZ 01 қызметтік көлігімен жүр. Аталмыш көлік 2013 жылдан бері баланста тұр. Бұл көлікпен министрліктің алдыңғы басшысы да жүрген болатын. Басқа көлік жоқ», - деді сәрсенбі күні Қазақстанның ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділда Ораз.
Бұған дейін БАҚ-та ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғұмбаевтың халықпен кездесуден кейін мемлекеттік нөмері әр түрлі көлікпен кеткені туралы хабар жарық көрген болатын.

adimage