ІІМ полицейлердің Мұхамеджан Тазабекпен кездесу дерегін тексеруде - Калайчиди

Астана. 10 қазан. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. ҚР Ішкі істер министрлігі (ІІМ) полицейлердің ақын және исламшыл Мұхамеджан Тазабекпен кездесу дерегін тексеруде, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди.
«Сол бөлім басшысынан кімнің шақырғанын сұрау керек шығар. Мен де ол туралы кеше білдім. Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, меніңше, солармен сөйлесу керек. (…) Әр меморганның жоспары, ақпараттық жұмыс жүргізу жоспары бар. Олар қандай да бір сұхбат жүргізу орынды деп таныған қоғам қайраткерлерін шақырады. Ал біз қазір сол кездесудің қаншалықты қажет болғанын анықтаумен айналысудамыз, оның мәні неде, кездесу форматы қандай, кездесу мазмұны қандай, сосын барып оған баға беріп, шешім қабылдаймыз. Ондай тексеріс жүргізілмейінше мен түсінік бере алмаймын», - деп мәлімдеді Калайчиди журналистердің бейсенбі күні ҚР парламенті сенатының кулуарында полицейлердің алдында Тазабек кімнің қалауымен дәріс оқыды деген сұрақтарына берген жауабында.
Атап өтелік, әлеуметтік желіде ақын және исламшыл Мұхамеджан Тазабектың сөздерінен бейнеүзінді тарап кетті, ол полицейлердің алдында сөйлесе керек. Видеода қоғам қайраткері жақындағы аналар мен балалар қатысқан митингті қозғады, ҚР-да экстремистік ұйым деп танылған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» ұйымының Францияда тұрып жатқан лидерін сынға алады, Елбасыны мақтайды.

adimage