«ІІМ реформасы үшін» азаматтық тобыы Алматыда митинг өткізу жоспары туралы мәлімдеді

Алматы. 19 шілде. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова.«ІІМ реформасы үшін» азаматтық тобы Алматыда митинг өткізу жоспары туралы мәлімдеді, деп хабарлады қоғамдық қайраткер Әсет Наурызбаев.
«4 тамызда біз Абай ескерткішінің алдында митинг өткіземіз, хабарламаны жолдадық. Біз шенеуніктердің әрекетін бақылайтын боламыз. Конституцияның 32 бабы азаматтарға бейбіт және қарусыз жиналу құқығын ұсынады. Бұл құқық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулықты сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандығын қорғау мүддесіне орай шектелуі мүмкін. Сондықтан біз әкімдікті алдын-ала хабардар еттік», - деді Наурызбаев жұмадағы баспасөз мәслихатында.
Бұл ретте ол атап өткендей, Конституция тікелей әрекет ету заңы болып табылады, және оған қарсы келетін кез келген нормативті-құқықтық акт заңсыз болып табылады.
Наурызбаевтың айтуынша, митингте топ мүшелері ІІМ-де реформаның барынша тезірек жасалуын талап ететін болады.

adimage