ІІМ қызметкері коронавирус жұқтырды - Ильин

Астана. 9 сәуір. ҚазТАГ – Толқын Тәшімов. Ішкі істер министрлігінің қызметкері коронавирус жұқтырды, деп мәлімдеді ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин.
«Шынымен де, бізде коронавирус жұқтыру дерегі орын алды. Бір қызметкеріміз осы дертке шалдықты. Ол қазір емделіп жатыр, жағдайы қалыпты», - деді Ильин бейсенбідегі баспасөз мәслихаты барысында сұрақтарға берген жауабында.
530-дан астам адам, деп жалғасырды ол, олар тек осы қызметкермен байланыста болғандар ғана емес, олар байланыста болған отбасылар, соның ішінде кәсіби қызметін атқару барысында да.
«Бүгінгі таңда олардың бір бөлігі, 30 шақты адам, стационарлық ем алуға орналастырылды, 80-ге жуық адам үй жағдайындағы карантинде жатыр, көбі шықты және қызметін жалғастыруда. Адам өлімі, сондай-ақ ІІМ қызметкерлері үшін қандай да бір ауыр салдар орын алған жоқ», - деп атап өтті Ильин.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны жүздеген мыңнан асса, қайтыс болғандар ондаған мыңнан астам.

2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.

15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.

17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. 28 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин шаралары күшейтілді. 3 сәуірде мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы жұмыссыз режимді 6 сәуірден 13 сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұдан басқа карантин режимі Шымкентте 4 сәуір сағат 21.00-ден бастап енгізілді. 6 сәуірде Тоқаев екі отандық ғылыми институттың ұжымын коронавирусты анықтауға арналған өзіміздің диагностикалық тест-жүйемізді ойлап табуларымен құттықтады

Бұған дейін Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 759 жағдайы тіркеліп, 54-і жазылып, жеті адам көз жұмған еді.




adimage