ҚИК басқармасы төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

Күні: 18:03, 10-12-2018.

Алматы. 10 желтоқсан. ҚазТАГ – Мәжит Жүсіпов «Қазақстан ипотекалық компаниясы» (ҚИК) Ипотекалық ұйымы» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады Қазақстан қор биржасынан (KASE).
«2018 жылдың 4 желтоқсанынан бастап Жүсіпов Мәжит Ғалымжанұлы «Қазақстан Ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ басқармасының толық өкілеттігі мерзімімен (2020 жылдың 24 қарашасына дейін) Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ басқармасының мүшелігіне қабылдансын және «Қазақстан Ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ басқармасының төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалсын», - делінген дүйсенбіде КИК ұсынған құжатта.
Сондай-ақ, компанияның директорлар кеңесі басқарма төрағасының орынбасары Руслан Кәкімовтың басқарма мүшесі өкілеттігін мерзімінен бұрын қысқартуға шешім қабылдады.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін М. Жүсіпов 2016 жылдан бастап «Азия Life» ӨСК» АҚ сақтандыру компаниясы басқармасының төрағасы болды, ал оған дейін – 2011 жылдан бастап 2016 жылға дейін – «AsiaCredit Bank» АҚ басқармасының мүшесі және атқарушы директоры болды.
«Қазақстан Ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ заемдық, факторингілік және басқа да қаржылай операцияларды жүзеге асыруда. 1 қазандағы жағдай бойынша ҚИК жиынтық активтері Т247 835 402 000, ал таза кіріс – Т3 588 671 000.


Жаңалықтармен бөлісу: