ҚИК директорлар кеңесінің құрамында өзгерістер болды

Күні: 18:09, 19-07-2019.

Астана. 19 шілде. ҚазТАГ – «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ директорлар кеңесінің құрамында өзгерістер болды, деп хабарлады ҚИК баспасөз қызметінен.
«17 шілдеде «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ бірыңғай акционерінің шешімімен («Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы) жаңа тәуелсіз директор және директорлар кеңесінің мүшесі болып Сүйінтаев Дамир Серікбайұлы тағайындалды», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Сүйінтаев 2016 жылы «Digital finance union» ЗТҰ төрағасы болып тағайындалған, «Қазақстан машина құрастырушылар одағы» ЗТҰ кеңесшісі болды. Әр түрлі жылдары «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «ҚазЭкспертГарант» эксперттік-кредиттік сақтандыру қауымдастығы» АҚ, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарушылық және жетекшілік қызметтерін атқарған.


Жаңалықтармен бөлісу: