Илон Маск 2019 жылы Қазақстанда қуаттауға арналған Tesla стансаларының ашылуы туралы айтты

Алматы. 5 маусым. ҚазТАГ – Америкалық инженер және бизнесмен Илон Маск 2019 жылы Қазақстанда қуаттауға арналған Tesla стансаларының ашылуы туралы айтты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қуаттауға арналған Tesla стансалары мен сервистік орталықтар Қазақстанда 2019 жылы ашылады», - деп мәлімдеді Маск сәрсенбіде Twitter-де қазақстадықтардың бірінің сұрағына берген жауабында.
Tesla – өзі аттас электрмобильдерін шығаратын америкалық компания, сондай-ақ электр энергиясын сақтайтын шешім. Компания 2003 жылы ашылған. 2018 жылдың аяғындағы жағдай бойынша автоөндірушінің активтері $30 млрд. деп бағалануда.


adimage