Илья Ильиннің Қызылорда ауруханасына жатқанына бесінші күн болды

Алматы. 8 шілде. ҚазТАГ – Танымал қазақстандық ауыратлет  Илья Ильиннің Қызылорда ауруханасына жатқанына бесінші күн болды.  
«Менің ауруым COVID-19 емес. Менің ауруым басқа. Күйзеліс кезіндегі аллергия. Мені күйзелістен шығарды, бәрі жақсы. Жаттығу жасағаныма екінші күн болды. (…) Қызылордалық дәрігерлерге рақмет. Мені тез қалпыма келтірді», - деп жазған Ильин сейсенбіде    Instagram парақшасында.
Сонымен қатар ол ауруханада жатқанына бес күн болғанын айтқан.  
«Қанша қаламасам да ауруханаға түстім... бұл видеоны салғым келмеп еді, бірақ өзім туралы айтқаным дұрыс деп шештім. Қазір бәрі жақсы, видеода өзім турал ықысаша ғана айттым. Дәрігерлер үлкен рақмет, олардың барына рақмет! Сіздерге алғысым шексіз. Сіздерге қазір оңай болып жатқан жоқ, біз іздерді жақсы түсінеміз! Қазір бар үмітіміз сіздерде, Қазақстан халқының үміті сіздерде! Достар, өздеріңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыздар!» - жеді Ильин.


adimage