Иманалиев мемматрезервтер комитетінің басшысы қызметінен босатылды

Астана. 6 маусым. ҚазТАГ – Бақытбек Зүбайраұлы Иманәлиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлады Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
«ҚР цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Бақытбек Зүбайраұлы Иманәлиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы қызметінен босатылды», - делінген бейсенбідегі хабарда
Еске салсақ, 4 сәуірде белгілі болғандай, мемматрезервтер комитетінің басшысы қызметтік жағдайын теріс пайдаланған деген күдікпен қамауға алынған.
Иманалиев мемматрезервтер комитеті басшысы лауазымына 2016 жылы тағайындалған екен.

adimage