Алматы. 25 ақпан. ҚазТАГ – «Жас Алаш» газеті толығымен биліктің бақылауына өтіп жатыр, деп мәлімдеді белгілі қазақстандық журналист, «Жас Алаш» газетін тек 2020 жылдың басынан бастап басқара бастаған Инга Иманбай.
«Жас Алаш» биліктің қолына өтіп жатыр. Бүгіннен бастап мен басылымның (бас – ҚазТАГ) редакторы емеспін. Сіздер білесіздер, бір жарым ай бұрын ғана мен бұрыннан келе жатқан қазақ тіліндегі «Жас Алаш» газетінің бас редакторы болып тағайындалған едім. Біз редакцияның саясатын күрт өзгертіп, (ҚР тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан – ҚазТАГ) отбасы және оның өзі туралы өзекті материалдарды жариялай бастадық. Бұл менің (Демократиялық партияның құрылуына бастама жасаушы – ҚазТАГ) Жанболат Мамайдың жары болуым да Алтынбек Сәрсенбайлының отбасына биліктің қатты қысым көрсетуінің себебі болып отыр», - деп жазды Иманбай дүйсенбі күні әлеуметтік парақшасында.
Оның айтуынша, бейсенбі күні ол Алтынбек Сәрсенбайұлының жары – Салтанат Атушевамен және жиені Нұрлан Сәрсенбаймен сөйлескен.
«Олар маған Сәрсенбаевтар отбасының жақындарының біріне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын және егер олар бір шартты орындамаса оны қамауға аламыз деп қорқытқандарын айтты. Бір шарттары - мені бас редактор қызметінен кетіру. Атушева екі таңдаудың ортасында қалды: мені қызметтен босатпау немесе туысының қамалғанын күту. Оны қорқытып Лондоннан ұшып келуге мәжбүр еткен. Бейсенбі күні оларға бір ведомствоның генералы келді, ол сол күні не мені қызметтен кетсін деген, не болмаса туысын қамауға аламыз деген. Әрине, Салтанат Атушева туысының бостандығын таңдады және мен оны түсінемін. Генералдар мойындағандай, Инга Иманбай Жанболат Мамайдың жолдасы болғандықтан газеттің бас редакторы болмау керек екен. Жанболаттың бұл газетке қатысы жоқ деген дәлелдерімнің бәрі кері қайтарылды. Талап: қызметтен босату. Және міндетті түрде 22 ақпанның алдында», - дейді бұрынғы бас редактор.
Ол Салтанат Атушеваны еш кінәламайтынын жеткізген.
«Ол мені газет басшылығы қызметімде қалдыру үшін бәрін жасады. Алайда билік оған қатты қысым көрсетті және солай жасауға мәжбүрледі. Енді тек «Жас Алаштың» толығымен биліктің бақылауына өтіп жатқанын айту ғана қалды», - деп түйген сөзін Иманбай.
Еске салсақ, 17 ақпанда хабарлағандай, белгісіз біреулер Жаңаөзенде белсенді Мұратбай Жұмағалиевтің көлігін өртеп жіберген. Ол Алматыға құрылып жатқан Демократиялық партияның съезіне баруды жоспарлап жатқан екен. Партияның құрылуына бастама жасаушылардың бірі, белсенді, Жанболат Мамай көліктің өртенуінің артында билік өкілдері тұр деп санайды. Бұған дейін Жұмағалиев хабарлағандай, оның ізіне әлдекімдердің түскенін және тіпті, оның пікірінше, ізіне түскен полицейлердің көліктері туралы ақпаратты да жариялаған. Сондай-ақ, хабарлағандай, саяси белсенді Мақсат Айсауытов БҚО-да Қазақстанда құрылып жатқан Демократиялық партияның съезі алдында бес тәулікке қамауға алынды. Бұдан басқа Демпартияның съезіне баруға тиіс болған саяси белсенді Исатай Өтепов та қылмыстық қудалаушылыққа тап болды.
Демпартия құруға бастама жасаушылардың бірі Төлеген Жөкеев 17 ақпанда ұсталушыларға қатысты жағдайға түсінік бере келе, «Демократиялық партияның құрылтайшылық съезінің өтуіне кедергі келтіруге тырысу – биліктің мағынасыз тырбаңдауы» деп мәлімдеді. Оның пікірінше, Қазақстандағы биліктің жасай алатын ең жақсы әрекеті – басқаруды демкоратиялық күштерге беруі.
19 ақпанда белгілі болғандай, Талғат Аян мен құрылып жатқан Демократиялық партияның басқа да делегаттарын Қазақстанның бірқатар облыстарында полицияға жеткізген. Жаппай ұстаулар мен қамауға алу кезінде құрылып жатқан партияның бастамашылары 22 ақпанға жоспарланған құрылтайшылық съезін кейінге қалдырып, митинг өтетіні туралы мәлімдеді. Құрылтайшылық съезге Қазақстанның барлық өңірінен 1 мыңнан астам делегат қатысуы керек болатын.
22 ақпанда хабарлағандай, «Астана» алаңы ауданында жаппай ұстаулар орын алған. Полиция Демократиялық партия құруға бастама жасаушы саясаткер Жанболат Мамайдың жұбайы – журналист Инга Иманбайды алып кетуге тырысқан. Өз әрекеттерін олар оны үйіне жеткізу туралы бұйрық берілгенімен түсіндірді, бірақ ол барудан бас тартты. Алаң ауданында ұсталғандардың бірі –Демпартия құруға бастама жасаушы Төлеген Жөкеев. Сонымен қатар полиция журналист пен Әсем Жапишеваны да ұстамақ болған, алайды әріптестері оған жол бермеген. Күш құрылымдары оқиға орнынан жаңалықтар таратып жатқан БАҚ өкілдерінің қызметтік куәліктерінің бар-жоғын да тексерді. Атап өтелік, заңнама мен қолданыстағы заңға тәуелді актілер журналистердің міндетті түрде қызметтік куәліктерін алып жүруін міндеттемейді.
Одан бұрын ертеңгісін Иманбай Мамайдың үш тәулікке қамауға алынғанын хабарлаған еді. Сенбіге қараған түні ол Қаскелеңде Қарасай ауданы полиция басқармасында ұсталған. Ол аталмыш жерге Алматыда Демпартия ұйымдастырушы комитетінің мүшесі Жанбол Рахматұлын шығарып алуға келген. Мамай ұсталғаннан кейін оның жақтастары аштық жариялады. Сондай-ақ, 22 ақпанда Демократиялық партияның құрылуына қатысты 70-ке жуық жақтастары Алматыда хостелден шыға берісте ұсталған.
Еске салсақ, Қазақстанда Демократиялық партияның құрылуына бастама жасаушылар «егер оларға партияның құрылтайшылық съезін өткізуге кедергі келтіретін болса» ҚР әділет министрлігі мен министр Марат Бекетаевты сотқа беруге ниетті екендерін айтты. Мамайдың айтуынша, «қазір біздің бастамашыл топтың мүшелеріне белсенді түрде қысым жасалуда, ал оның тізімін біз тек әділет министрлігіне берген». Қазақстанда Демократиялық партияны құруға бастама жасаушылар ҚР әділет министрлігінде тізімді бекіту кезеңінен өткен, бұл бірінші құрылтайшылық съезін өткізу құқығын береді, содан кейін партияны тіркеу үшін Қазақстан азаматтарынан 40 мың қол жинау басталады.
3 ақпанда ҚазТАГ ХАА хабарлағандай, Қазақстандағы жерге қатысты митингтен кейін жазасын өтеп жатқан белсенді Макс Боқаевтың да Демократиялық партия қатарына қосылды.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34