Индонезия астанасынан үшып шыққан бортында 189 жолаушысы бар ұшақ теңізге құлады

Күні: 11:56, 29-10-2018.

Алматы. 29 қазан. ҚазТАГ –   Boeing 737 MAX 8 ұшағы  Индонезия астанасынан ұшып шыққаннан кейін теңізге құлады, деп хабарлады   Reuters.
«Lion Air компаниясының Джакарта мен Пнаклпинанг қаласы аралығына рейс жасайтын жолаушылар ұшағы Суматра аралында теңізге құлады. Ұшақтың апатқа ұшырағаны расталды», - деп мәлімдеді дүйсенбіде Индонезияның іздестіру және құтқару операциялары бойынша агенттік өкілі Юсуф Латиф.
Ол нақтылағандай, Boeing 737 MAX 8 лайнерімен байланыс 13 минуттан кейін жоғалған.  
Жергілікті БАҚ ақпарынша, лайнер бортында 189 жолаушы болған, алайда авиакомпания өкілдері ұшақта болған нақты адамдар санын атаудан бас тартып отыр.  
«Біз оған түсінік бере алмаймыз. Қазір біз барлық ақпарат пен қажетті деректерді жинауға тырысып жатырмыз», - деп мәлімдеді Lion Air Group атқарушы директоры Эдвард Сираит.


Жаңалықтармен бөлісу: