Алматы. 29 сәуір. ҚазТАГ – Индонезия билігі Қазақстан үлгісі бойынша астаналарын көшіруді шешті, деп хабарлады Reuters.
«Президент ел астанасын Явадан тыс көшіруді шешті, және бұл маңызды шешім. Әкімшілік әзірге жаңа орынды әлі таңдамады. Яваның солтүстік жағалауында орналасқан Джакарта қаласынан астананы көшіру Бразилиядағыдай, Малайзия мен Қазақстандағыдай 10 жылға созылуы мүмкін», - деді дүйсенбіде Индонезияның жоспарлау министрі Бамбанг Броджонегоро.
Джакартаның Индонезия астанасы ретінде аталуы біздің эрамыздың IV ғасырына жатады. Қазір қалада 10 млн жуық халық тұрады.
Индонезия билігі Қазақстан үлгісі бойынша астаналарын көшіруді шешті
