Алматы. 22 қазан. ҚазТАГ - Индонезия билігі жер сілкінісі мен цунами келтірген шығын $911 млн деп бағалауда, деп жазады РБК.
«Индонезияның Сулавеси аралында болған зілзала және одан туындаған цунами салдарынан келген жалпы экономикалық залалдың көлемі 13,82 трлн индонезиялық рупий ($911 млн) болып отыр»,- делінген дүйсенбіде The Jakarta Post басылымына сілтеме жасалған хабарда.
Соңғы ақпар бойынша, табиғи апат саладырнан 2256 адам көз жұмып, 4612-сі жаоақат алған, өңірдегі 223,7 мың тұрғын баспанасыз қалған. жер сілкінісі мен цунами Палу, Дунгала, сиги мен Мариги Мутун қалаларына зиянын келтірді.
Индонезиялық билік ақпарынша, табиғи апат 68451 үйді, 327 діни ғимараттарды (церковь, шіркеу, дұға жасайтын үәлер және т.б.), 265 мектеп, 78 кеңсе мен 362 дүкенді қиратқан.
«Біз бұл ақпарат әлі де өсе ме деп қауіптеніп отырмыз, себебі бұл уақытша ғана ақпарат», - деп атап өтті табиғи апат салдарының алдын алу бойынша жергілікті агенттіктің өкілі Сутопо Пурво Нугрохо.
Оның ақпарынша, 13,82 трлн индонезилық рупийдің ішіне 1,99 трлн рупий «қапы кеткен табыс» ($131 млн) және 7,83 трлн рупий материалды залал ($515,5 млн) кіреді.
Ол әсіресе тұрғын үй секторының барынша қатты зардап шеккенін көрсетті
Еске салсақ, магнитудасы 7,5 балдық жер сілкінісі және оның артынан келген цунами Сулавеси аралында 28 қыркүйекте орын алған болатын. Апат ауданында жалпы 4 млн адам тұрып жатқан. .
Индонезия билігі жер сілкінісі мен цунами келтірген шығын $911 млн деп бағалауда
