Индонезия мақта жеткізу үшін Ақтау портын қолдануға ниетті

Ақтау. 8 қыркүйек. ҚазТАГ – Индонезия мақта жеткізу үшін Ақтау портын қолдануға ниетті, деп хабарлады өңірдің кәсіпкерлер палатасының директоры  Жаңбырбай Доспаев.

«Қазақстан Иранға, Пәкістанға біздің порттар арқылы астық жеткізушілердің ірілерінің бірі. Және күн сайын оның көлемі де артуда. Ақтау порты үлкейтілуде, Баутино портын үлкейту қарастырылуда, және көптеген шетелдік инвесторлар мен кәсіпкерлер Каспий теңізі арқылы логистика мәселесін қарастыруға дайын. Екі ай бұрын біз Индонезия елшісімен кездестік, олар Ақтау порты арқылы Индонезиядан тауарлар жеткізуге ниетті, және қазірдің өзінде мақта, астық және басқа да тауарлар жеткізуде», - деді Ж.Доспаев сейсенбідегі брифингте.  

Сондай-ақ, ол Маңғыстау облысынан Қытайға күнбағыс майы мен ет жеткізуге тапсырыстар алған.  

Сыртқы нарыққа шығу жұмыстарын, Ж.Доспаевтың айтуынша, Маңғыстау филиалы жанында құрылған кәсіпкерлер палатасының сыртқы сауда палаталары жүргізуде. Дегенмен нәтиже де бар. Сондай-ақ ол түйе өсіруді де белсенді дамытуға ниетті.

«Біз «Қазақстанның үздік тауары» конкурс-көрмесін өткіздік. Оған облыс әкімі Алик Айдарбаев қатысты. Ол біздің тауар өндірушілерге өнімді қайдан алатындарын сұрады. Құрғақ сүт пе әлде табиғи сүт пе? Оған жауап біреу болды: құрғақ сүттен, оны Ресей мен Белоруссиядан сатып әкеледі. Сондықтан қазіргі таңдағы басты міндет – жергілікті өндірісті және мал шаруашылығын дамыту», - деді ол.


adimage