Алматы. 24 желтоқсан. ҚазТАГ – Индонезияда цунами салдарынан 43 адам қаза тапты, деп хабарлады ТАСС.
«Сенбіден жексенбіге қараған түні Индонезияда кем дегенде 43 адам қаза тауып, 584 адам зардап шекті», - делінген жексенбіде Сутопо Нугрохо табиғи апатының алдын алу жөніндегі Индонезия агенттігіне сілтеме жасалған хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, екі адам із-түссіз жоғалып кеткендер қатарында. Бұған дейін Сутопо Нугрохо 20 адамның қаза тауып, 165 адамның зардап шеккені туралы хабарлаған болатын.
Хабарда атап өтілгендей, цунами Ява мен Суматра аралдарын бөліп тұрған Зонд бұғазында тіркелген. Сутопо Нугрохо нақтылағандай, қатты толқын жақында атқылаған Анак-Кракатау вулканы салдарынан орын алуы мүмкін.
Индонезияда цуннами салдарынан 43 адам қаза тапты
