Индонезиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1,5 мың адамнан асты

Күні: 11:06, 05-10-2018.

Алматы. 5 қазан. ҚазТАГ - Индонезиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1,5 мың адамнан асты, деп хабарлады «Коммерсант».
«Индонезиядағы Сулавеси аралындағы жер сілкінісі мен цунами салдарынан қаза тапқандар саны 1558 адамға жетті.  Тағы 113 тұрғын із-түссіз жоғалып кеткендер қатарында, тағы 150-і үйінділер астында жатыр.  Жалпы 2,5 мыңнан астам адам зардап шеккен», - делінген Ұлттық табиғи апаттар салдарын жою басқармасына сілтеме жасалған хабарда.  
Еске салсақ, магнитудасы 7,5 балл болған жер сілкінісі 28 қыркүйекте орын алған.  Жер асты дүмпулері цунамидің қалыптасуына алып келген, оның толқынының биіктігі 3-5 м жеткен.  
Жалпы есепте Индонезия табиғи апат салдарымен күресу үшін $20 млн алады. Бұл сомаының   $15 млн БҰҰ бөлді, Канада   – $1,5 млн. Тағы  1,5 млн еуро (шамамен $1,7) Еуроодақ ұсынса, Оңтүстік Корея $1 млн.жұмсады.


Жаңалықтармен бөлісу: