Индонезияда жер сілкінісінен мерт болғандар саны 1,2 мың адамнан асты

Алматы. 1 қазан. ҚазТАГ – Индонезияда жер сілкінісінен мерт болғандар саны 1,2 мың адамнан асты, деп жазады «Коммерсант».
«Индонезиядағы Сулавеси аралында жер сілкінісі мен цунами салдарынан мерт болғандар саны 1,2 мың адамнан асты. Құтқарушылар мерт  болғандар саны әлі де өседі деп қауіптенуде», - деп келтірілген дүйсенбі күні The Straits Times басылымының Іздеу және құтқару ұлттық агенттігінің деректеріне сілтеме жасаған хабарында.
Хабарда атап өтілгендей, жер сілкінісі салдарынан, 16,7 мың адам өз үйлерінен кетуге мәжбүр болған. 2,4 млн жергілікті тұрғын гуманитарлық көмекті қажет етуде.  
Еске салсақ,  28 қыркүйек күні   7,5 магнитудасымен жер сілкінісі болды. Екі тәулік ішінде шамамен 170 жерасты дүмпуі тіркелген. Жер сілкінісі салдарынан цунами орын алып, оның толқынының биіктігі 3-5 м жеткен.
Еуроодақ Индонезияға жер сілкінісі салдарымен күресу үшін 1,5 млн еуро бөлген. Оңтүстік Корея гуманитарлық көмек ретінде $1 млн. жөнелтеді.
Бұған дейін 832 адамның қаза тапқандығы айтылған болатын.  

adimage