Индустриалды аймақта кәсіпкерлерге зор қолдау көрсетіледі

Түркістан. 9 тамыз. ҚазТАГ - Түркістан қаласында «Turkistan» индустриалды аймағы бүгінде кәсіпкерлермен тығыз жұмыс істеуде.
Индустриалды аймақ басшысы Талғат Қыдырбаев аталған аймақтардың болашағы зор екендігін айтады. Оның айтуынша, Түркістан облысының экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында 9 ауданда жалпы 415 гектар қамтитын индустриалды аймақ құрылған. Ол аймақтарда 1512 жанды жұмыспен қамтыған 26 жоба іске асуда. Жалпы құны 22 млрд. теңгені құрайды. Яғни, біздің бюджеттік 1 теңге шығынға 3,5 теңге жеке инвистиция тартылған. Қазіргі таңда Түркістан қаласы облыс орталығы болғалы бері отандық және шетелдік инвесторлар аймақта кәсіпорын ашуға қызығып отыр. Сол себептен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тікелей қолдауымен, ҚР Премьер-министрімен бекітілген 2019-2024 жылдар аралығында жүзеге асатын өңірлік кешенді даму жоспарына сәйкес Түркістан қаласында жалпы жер аумағы 310 га құрайтын жаңа индустриалды аймақ салынады. Бұл индустриалды аймақтың инфрақұрылым жүйелерін жүргізу үшін республикалық бюджеттен 4 млрд теңге және жергілікті бюджеттен 1,4 млрд теңге қарастырылып отыр. Қазіргі кезде, Түркістан қаласының құрылыс бөлімі және халықаралық «Эра» компаниясымен бірлесіп отырып жобаға қатысты құжаттар әзірленуде. Осы құжаттар дайын болса, инфрақұрылымдарды жүргізу жұмысының құрылыстары басталады. Одан бөлек индустриалды аймақтардың басқарушы компаниясы әлемдік үздік индустриалды аймақтардың жұмыстарын және басқару тәсілдерін бақылап отырды. Түркия мемлекетінің 40-50 жыл тәжірибесі бар индустриалды аймақтарда қолданылатын броунфилд үлгісінде 7000 шаршы метр алаңда болатын өндірістік ғимарат салуды жоспарлауда. Броунфилд үлгісіндегі ғимараты Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы қаржыландырады. Оның бір жақсы мүмкіндігі – кәсіпкерлер мен инвесторлардың өздерінің алып келген техникасын дайын ғимаратқа қойып, іс жүргізуіне мүмкіндік береді. Оларға ғимаратты екі жолмен қолдануға береді. Бірінші жол - жалға алу нәтижесінде жекеменшікке беру. Екінші жолы - тек жалға алу.
Сонымен қатар, шетел инвесторларын бұл аймаққа қызықтыру мақсатында «Түркістан инвест» компаниясы құрылған. Мекеме шетелдердегі елшіліктер арқылы кәсіпкерлермен байланысқа шығады.

adimage