Индустрия 4.0 желісі бойынша ҚР-да машина жасаудың 3 кәсіпорны қосымша мемқолдауға ие болады

Күні: 16:18, 21-09-2018.

Астана. 21 қыркүйек. ҚазТАГ – Биыл Министрлік мемлекеттік қолдаудың тиісті қосымша шараларын жасау үшін жекелеген кәсіпорындарға Индустрия 4.0 элементтерін енгізу жобасын іске асыруда, деп хабарлады ҚР инвестиция және даму министрлігінен.
«Машина жасауды алдағы уақытта дамытудың жаңа факторы өндірісті цифрландыру және технологиялық жаңғырту болып табылады. Биыл Министрлік мемлекеттік қолдаудың тиісті қосымша шараларын жасау үшін жекелеген кәсіпорындарға Индустрия 4.0 элементтерін енгізу жобасын іске асыруда. 7 модельді цифрлық фабрика, соның ішінде машина жасаудың 3 кәсіпорынымен жұмыс жасалды. Бұл «Кентау трансформаторзауыты» АҚ,«Алматы желдеткіш зауыты» АҚжәне «Карлскрона» ЖШС (сорғы жабдықтары және тиекті арматура)», - деп хабарлады жұмада ҚР ИДМ.
Ведомствода атап өтілгендей, бұл кәсіпорындарға технологиялық аудит жүргізілді, оның нәтижесінде цифрландыру бойынша жол карталары бекітіліп, іске асыру жұмыстары басталды.
«2018 жылы ҚР ИДМ Қазақстанның машина жасаушылар одағымен бірлесіп, 2019-2030 жылдарға арналған машина жасауды дамытудың кешенді жоспарының жобасын әзірледі. Оның мақсаты отандық машина жасаудың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қазақстандық өндіріс өнімдерімен ішкі нарықты қамтамасыз ету және экспорт деңгейін арттыру», - деді инвестиция және даму министрлігінен.  


Жаңалықтармен бөлісу: