Ингушетия халқы Чечниямен жаңа шекараға қарсылық танытуда

Күні: 11:51, 05-10-2018.

Алматы. 5 қазан. ҚазТАГ – Ингушетия халқы Чечниямен жаңа шекараға қарсылық танытуда, деп хабарлады ВВС Орыс қызметі.  
«Ингушетия астанасы Магаста жүздеген адам көшеге шықты.  олар Ингушетия парламенті бекіткен Ингушетия мен Чечня шекарасы туралы келісімге қарсылық білдірді», - делінген жұмада таратылған хабарда.  
Хабарда түсіндірілгендей, бейсенбіде Ингушетия мен Чечня парламенті әкімшілік шекараны бекіту туралы өңіраралық келісім жасады, өңір басшылары тиісті заңға қол қойды.  
Магас орталығындағы Келісім алаңында ІІМ ақпарынша, ол күні 2 мыңға жуық адам жиналған, Олар қабылданған шешімге өз наразылықтарын білдірген.  


Жаңалықтармен бөлісу: