Астана. 23 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан білім және ғылым министрлігі оқушылар арасында интернетсіз бір күн акциясын өткізуді ұсынуда.
«Интернетке тәуелділіктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың Интернет белсенділігін бақылауға қатысты ересек интернет-қызметтерді пайдаланушылардың жауапкершілігін Интернет-пайдалану мәдениетін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2019 жылғы 27 қаңтарда Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLINE (оффлайн)» республикалық кең ауқымды балалар акциясын бастамасымен өткізуде», - деп хабарлады сәрсенбіде министрліктің баспасөз қызметінен.
Аталған іс-шара оқушыларды смартфондардан, компьютерлерден және жаһандық желіден алшақтату, бұл күнді тек қана шынайы әлемде өмір сүруге, жақын адамдармен қарым-қатынас жасауға немесе оны сүйікті хоббиіне арнауға көмектеседі. Акциямен республикадағы барлық 1-11 сынып оқушыларын қамту жоспарлануда.
«Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары 1-4 сыныптарға арналған «Интернетсіз күнді қалай өткіздім» атты сурет байқауын, 5-11 сынып оқушыларына арналған «Мен OFFLINE (оффлайн)» эссэ жазуды ұйымдастырады. Жұмыстар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің «Facebook» әлеуметтік желісінің ресми парақшасында орналастырылады», - делінген хабарда.
«Интернетсіз бір күн» жұмыстар байқауының жеңімпаздары әлеуметтік желілерде жарияланатын болады –БҒМ
