Инвестициялардың жаңа толқынын тарту үшін үкіметте үйлестіру кеңесі құрылды

Астана. 22 сәуір. ҚазТАГ – Инвестициялардың жаңа толқынын тарту үшін үкіметте үйлестіру кеңесі құрылды, деп хабарлады премьер-министрдің сайтынан.
«Инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту және инвестициялар тарту жұмыстарын жетілдіру мақсатында ҚР Үкіметі жаңа тәсілдерді қабылдады. ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Инвестициялар тарту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, инвестициялар тарту мәселесі бойынша барлық жауапты шешімдер Үйлестіру кеңесінің қарауына шығарылатын болады. Кеңестің бірінші отырысы биыл мамыр айында өтеді.
«Астана» халықаралық қаржы орталығы, өз кезегінде, инвестициялар тартудың аймақтық орталығына айналуы тиіс. АХҚО қызметін қамтамасыз ету үшін ерекше құқықтық режим белгіленген: Конституциялық заң қабылданған, инвесторлардың қызметі ағылшын құқығымен реттеледі. Бүгінде инвесторларға қолайлы жағдайлар қарастырылған: тәуелсіз реттеу, сот пен Халықаралық арбитраждық орталық жұмысы әлемдік стандарттарға сай келеді және шетелдік инвесторлардың құқықтық жайлылығын қамтамасыз етеді; тәуелсіз қорлардың әлемдік басқарушы компанияларын тартуға жағдайлар жасалған», - деді премьердің баспасөз қызметінен.
Инвестициялар ағымын арттыру үшін АХҚО алаңында инвесторлармен жұмыс жүргізетін бірыңғай экожүйе құрылады, бұл жүйеге барлық даму институттары кіретін болады және «бір терезе» қағидасы аясында жұмыс жасайды.
«Шетелдік инвестицияларды тарту экономиканың дамуына жол ашып, халықтың тұрмыс сапасына қатысты мәселені шешуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға және әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік беретінін нақты түсінуіміз керек. Әкімдіктер инвесторлармен жұмыстарды өзгертіп, инвестициялар тартудың жаңа алгортиміне қосылуы қажет», - деп мәлімдеді премьер-министр Асқар Мамин.

adimage