Иордания астанасында Астана көшесі пайда болды

Күні: 18:53, 20-12-2018.

Астана. 20 желтоқсан. ҚазТАГ – Иордания астанасы – Амманда Астана көшесі пайда болды, деп хабарлады елорда әкімінің баспасөз қызметінен.
«Бақыт Сұлтанов ресми сапарымен Амманға барды. Туыстас қалалар Астана мен Амман экономика және мәдениет салаларындағы ынтымақтастығын нығайтуда. Бүгін Иордания астанасы көшелерінің біріне Қазақстанның елордасы – Астана атауы берілді», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Астана әкімдігі мен Амман қаласының муниципалды органы арасында туыстық қарым-қатынас орнату туралы келісім-шарт 2005 жылдың 8 қарашасында бекітілді.


Жаңалықтармен бөлісу: