Ирак пен Ливиядағы тәртіпсіздіктер мұнай бағасының өсуіне алып келді

Алматы. 20 қаңтар. ҚазТАГ – Ирак пен Ливиядағы тәртіпсіздіктер мұнай бағасының өсуіне алып келді, деп хабарлады Bloomberg.
«Мұнай бағасы өсіп кетті, себебі Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы шиеленісіп бара жатқан тәртіпсіздіктер ОПЕК негізгі өндірушілері Ирак пен Ливиядағы мұнай өндірісі мен экспортының тоқтап қалуына әкеліп соқты. Нью-Йорк пен Лондондағы фьючерстер 1,5%-дан астамға қымбаттады», - делінген хабарда.
Бұл ретте атап өтілгендей, жексенбі күні Ирак мұнай кен орнында өндірісті уақытша тоқтатты, ал елдегі күшейіп бара жатқан тәртіпсіздік салдарынан екінші ұңғымадан жеткізу де қиындап тұр.
Бұл ретте Ливиядағы Ұлттық мұнай корпорациясы қолбасшы Халифа Хафтар өз бақылауындағы порттарға экспортты бұғаттап тастағаннан кейін форс-мажор жариялады.
«Жылдың басы мұнай-газ саласында оңайға соқпады, себебі Вашингтон мен Тегеран арасындағы қарым-қатынас шиеленісі күрт өсіп кетті, ал АҚШ пен Қытай арасындағы шектеулі сауда келісімі бойынша бастапқы оптимизм төмендеді», - деп жазады басылым.
Бұл ретте атап өтілгендей, Халықаралық энергетикалық агенттік өткен аптада елдегі және жалпы өңірдегі саяси қауіп-қатерлердің өршуінен Ирактан келетін жеткізілім «әлеуетті түрде әлсіз» деп мәлімдеді.

adimage