Алматы. 8 қаңтар. ҚазТАГ – Иран АҚШ-тың әскери базаларын қанатты және баллистикалық зымырандармен атқылады, деп хабарлады ТАСС.
«Ирактағы АҚШ-тың бірнеше әскери нысандарын Иран аумағынан ұшырылған баллистикалық зымырандар атқылады», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Қазіргі таңда америкалық нысандардың екі дүркін зымыран соққыларына ұшырағаны белгілі болды.
«Құрама Штаттардың Иракта қолданатын екі әскери базасына Иран тарапынан баллистикалық секілді, қанатты зымырандармен де атқылау орын алды», - делінген хабарда.
Пентагон ақпарынша, Иран АҚШ күштері мен Ирактағы коалициясына қарсы он екіден астам баллистикалық зымыран ұшырған.
Тегеран жүргізіліп отырған операцияны «Азапталушы Сулеймани» («Мученик Сулеймани») деп атаған, ал АҚШ президенті Дональд Трамптың бұйрығы бойынша өлтірілген генерал Кассем Сулейманидің Twitter парақшасында «Мен саған қарсы тұрамын» деген жазба пайда болған.
Қазірдің өзінде Вашингтондағы Ақ Үй маңында қауіпсіздік күшейтілгені белгілі болды, Трамп пен оның министрлері Иран тарапынан орын алып жатқан зымыран соққыларына қатысты жиын өткізуде.
Тегеран мен Вашингтон арасындағы қарым-қатынас 3 қаңтар күні Трамптың бұйрығымен Бағдат халықаралық әуежайы маңайында зымыран соққысынан ирандық генерал Кассем Сулеймани өлтірілгеннен кейін күрт шиеленісіп кетті. Ресми түрде Тегеран Ирандағы иерархия бойынша екінші адамның өлімі үшін кек алуға уәде берді. Бұл жағдай мұнай бағасы қарқынды өсуді бастағанда бірқатар араптық мұнай компанияларының акцияларын түсіріп жіберді.
Қатысты сілтемелер
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08
-
Көкшетауда 113 тұрғын уақытша пункттерге эвакуацияланды29 Наурыз 2024, 15:51